Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар бағамы әлсіреді

Таңғы сессияда  доллар бағамы әлсіреді

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан қор биржасынның (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 369,93 теңгені құрады.  Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ( 370,40 теңге / $1) ұлттық валюта 0,47  теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 369,50 теңге деңгейінде болды. Ең жоғары – 370,20  теңге, жабылу курсы бір долларға  369,65 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 40 млн 350  мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 106.

Астананың айырбас пункттерінде  долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 371 теңге, Алматыда – 372 теңге.

Ұлттық Банктің ресми курсы бойынша 1 доллар 370,11 теңге болды.

Похожие материалы