Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда теңге әлсіреді

Таңғы сессияда теңге әлсіреді

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,54 теңгені құрады. 1 наурыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (374,77 теңге / $1) ұлттық валюта 1, 77 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,35 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,25 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 58 млн 86 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 136.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378 теңге, Алматыда – 379 теңге.

Ұлттық Банктің 4 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,90 теңгені құрайды.

Похожие материалы