Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда ұлттық валюта әлсіреді

Таңғы сессияда ұлттық валюта әлсіреді

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессияда доллардың орташа өлшемді бағамы 378,06 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,91 теңге / $1) ұлттық валюта 0,15 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін  377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 378 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 24 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 69. Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы сағат 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 379,5 теңге. Ұлттық Банктің 16 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,85 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы