Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ақпарат және байланыс саласына бағытталған инвестициялар 21,8 млрд теңгеге жетті, сома бір жылда 27,5%-ға өсті. Өткен жылдың осы кезеңінде инвестициялар 17,1 млрд теңгені құрады, жылдық өсім - 18,8%. Мұндай деректерді Ranking.kz ұсынды.
Бұл салада инвестициялардың басым бөлігі Алматыға тиесілі: 8,1 млрд теңге — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (8,9 млрд теңге) 8,8%-ға аз. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысы кірді - сәйкесінше 3,8 млрд және 2,7 млрд теңге.
Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда бесінші ұрпақтың байланыс желісін енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Мәжіліс барысында сандық экономика мен интернет заттарын дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің әсері талқыланды (IoT), деп ҚР Үкіметінің ресми сайты хабарлады.
ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша Қазақстан жаңа желіні енгізуге кірісу бойынша АҚШ-пен, Оңтүстік Кореямен, Швейцариямен және Эстониямен қатар әлемнің ондығына кіреді. Елдің 5G аумағын жабу үшін инфрақұрылым құру жөніндегі жұмыстар шеңберінде ағымдағы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы, 5G байланыс желісімен 50 мыңнан астам адам тұратын барлық елді мекендер қамтылады деп болжанады.
International Data Corporation халықаралық ұйымының зерттеулеріне сәйкес, 2019 жылы 5G смартфондарын дүниежүзілік жеткізу 6,7 млн бірлікке жетеді деп күтіліп отыр, бұл ретте нарықтағы үлесі тек 0,5%-ды құрайды. Өз кезегінде, 4G смартфондарын жеткізу 1,3 млрд бірлікті құрайды, үлесі жоғары деңгейде қалады — 95,4%.
Сонымен қатар, 2023 жылға қарай 5G смартфондарын жеткізу үлесі нарықтан 26%-ды (401,3 млн бірлік) құрайды, ал 4G смартфондары нарықтан 71,7%-ға дейін қысқарады деп болжануда. Бұдан басқа, 3G смартфондары 2023 жылға қарай небәрі 2,2% болады.
2019 жылдың сәуір айының соңына тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн бірлікті құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (2,7 млн абонент) 5,9%-ға кем. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14 бірлікті құрады.
Өз кезегінде мобильді интернет абоненттерінің саны сенімді түрде өсуде: наурыз айының соңында олардың саны 14,6 млн құрады, ол жыл ішінде 7,2%-ға өсті. Дүниежүзілік желіге қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 79 бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024