Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы аздап нығайды

Теңге бағамы аздап нығайды

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,48 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,96 теңге/$1) ұлттық валюта 0,48 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,60 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,55 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 19 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 50.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 2 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,95 теңгені құрайды.

Похожие материалы