Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 1 наурыздан 8 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.
7 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,9%-ке әлсіреп (375,9-дан), 379,42 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 1 наурыздан 8 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Австралия, Канада және ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешімі, ЕОБ-нің банктерге арналған нысаналы ұзақ мерзімді кредиттердің жаңа топтамасын жария етуі, желтоқсан айында АҚШ-тағы сауда-саттық тапшылығының ұлғаюы, қаңтар айында Қытайда экспорттың айтарлықтай қысқаруы (-20,7%г/г) туралы статистиканы жария ету, АҚШ-тың еңбек нарығындағы біркелкі емес деректердің шығуы: соңғы жарты жыл ішінде жұмыс орындары санының ең аз өсуі (+20 орын), жұмыссыздық деңгейінің 3,8%-ға дейін төмендеуі және жалақының ақпанда 3,4%-ке ұлғаюы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
Үндістан рупиясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты де-экскалациялау және қор нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,1%-ға (70,91-ден 70,15-ке дейін) нығайды;
Ресей рублі инвесторлардың тәуекелге қызығушылығының төмендеуінің жалпы үрдісі аясында 0,6%-ға (65,92-ден 66,34-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы ақпанда (3,94% г/г) инфляцияның баялауы туралы деректерді жариялау аясында 1,1%-ке (19,27-ден 19,49-ға дейін) әлсіреді, ол ағымдағы жылы реттеушінің негізгі мөлшерлемені төмендетуі туралы инвесторлардың күтулерін өсіре отырып, ОБ-нің нысаналы дәлізіне (2-4%) кіреді;
Түрік лирасы 1,3%-ке ( 5,37-ден 5,44-ке дейін) әлсіреді. ОБ қатарынан төрт отырыстың қорытындысы бойынша негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтап қалды (24%);
Индонезия рупиясы жаһандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 1,4% -ке (14 120-дан 14 314-ке дейін) әлсіреді;
Оңтүстік Африка ранды ОАР басқарушы партиясының қазіргі уақытта жеке инвесторларға тиесілі Орталық Банкті мемлекет меншігіне алу ниеті аясында 1,5%-ке (14,23-тен 14,44-ке дейін) әлсіреді.
Бразилия реалы жергілікті БАҚ Президент әйелдердің ең аз зейнеткерлік жасын төмендету мүмкіндігін мойындағаны туралы хабарлауына байланысты зейнетақы заң жобасының жетілуіне күннен күнге өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында 2,4%-ке (3,78-ден 3,87-ге дейін) әлсіреді.