Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Тіл шебері" республикалық байқауы өтеді

"Тіл  шебері" республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша 18 қыркүйекте «Тіл шебері» республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтау, қолдау.Шараға 21-30 жас аралығындағы жергілікті және орталық атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметші жастар қатысады. Байқау барысында «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» аталымынан тұратын байқау тапсырмаларын орындау кезінде қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың нақтылығы, сапалық деңгейі, мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

Похожие материалы