Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Бүгін доллардың орташа бағамы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгі сессиясында 370,05 теңгені құрады. 14 қарашадағы таңертеңгі сессиямен салыстырғанда (375,83 теңге/$1) ұлттық валюта 5,78 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373 теңге , жабылу курсы бір долларға - 369 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 72 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 139.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 375 теңге, Алматыда – 374 теңге.
Ұлттық Банктің 15 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,9 теңгені құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024