Қазақстан. 3 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы сот жүйесінде кадрлық өзгерістер жасап, бірқатар соттарды жойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Атап айтқанда, 14 сот таратылды:
- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының № 2 аудандық соты;
- Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының № 2 аудандық соты;
- Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық соты;
- Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық соты;
- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
- Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
- Павлодар облысы Павлодар аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының № 2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 3 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының № 2 аудандық соты.
Осы қаулымен жаңа соттар тағайындалып және бірнеше судья қызметінен босатылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектес Барпыбаевты отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Аталған соттың жаңа төрағасы әлі тағайындалған жоқ.
Айта кетейік, 19 мамырда кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау туралы мәлімдеген еді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024