Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев 14 сотты жойды

Тоқаев 14 сотты жойды

Қазақстан. 3 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы сот жүйесінде кадрлық өзгерістер жасап, бірқатар соттарды жойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Атап айтқанда, 14 сот таратылды:

  • Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының № 2 аудандық соты;
  • Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының № 2 аудандық соты;
  • Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық соты;
  • Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық соты;
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
  • Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
  • Павлодар облысы Павлодар аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының № 2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 3 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының № 2 аудандық соты.

Осы қаулымен жаңа соттар тағайындалып және бірнеше судья қызметінен босатылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектес Барпыбаевты отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Аталған соттың жаңа төрағасы әлі тағайындалған жоқ.

Айта кетейік, 19 мамырда кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау туралы мәлімдеген еді.

Похожие материалы