Нұр-Сұлтан. 14 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тоқаев министрдің киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды.
«Қаржы бөлінді. Алайда бұл маңызды міндет әлі орындалмады, сылтау көп. Бұл ретте, біліктілік жоқ па, әлде қасақана орындалмай отыр ма? Орындаушылар үшін түбі жақсылыққа апармайтынын ескертемін. Бұл, ең алдымен, тиісті министрлікке, сондай-ақ басқа да министрліктерге қатысты. Министрге сөгіс жариялаймын, – деді мемлекет басшысы.
«Министрге киіктер популяциясының болашақ тағдыры төңірегінде түсініксіз қағазбастылық пен талқылауды тудырғаны үшін сөгіс жариялаймын. Осының бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар? Бұл мәселеге өз ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы киіктердің қазақ халқы үшін киелі жануар екенін атап өтіп, олардың санын реттеудің басқа әдістері бар екенін айтты.
«80 мың ақбөкенді табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру жөнінде ұсыныс жасалуда. Бірақ басқа әдістер бар, сарапшылармен кеңесіңіз. Бұл экстремалды шаралар. Бұл шараға бару қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шығу деп баса айтамын», – деді президент.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қант жағдайына байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024