Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Талдықорған қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті әкімдік жастарға арналған «7-20-25» жеңілдетілген ипотекасы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін іске қосу қажеттігін мәлімдеді.
«Жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар үшін тұрғын үй салу керек. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке шын мәнінде мұқтаж адамдар мен жұмыс істегісі келмейтін, мемлекет көмегіне мұқтаж, жәрдемақы алатын адамдар арасында нақты бөлу қажет», - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев учаскелерді беру процедураларының ашықтығын арттыру қажеттігін атап өтті. Ол үшін әкімдік жер ресурстарын тиімді пайдалануға қатаң бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, Президент 2020-2021 жылдары 20 мектептің құрылысына 29 млрд теңге бөлуді тапсырды.