Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы жасалған қылмыстар тізбегін жан-жақты тексеруді тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, соңғы уақытта белгісіз біреулер тарапынан БАҚ өкілдеріне қарсы қылмыстық іс-әрекет жасалуда. Қаскөйлер бірнеше журналистің көлігін өртеп, редакция терезесін сындырып, пәтерінің есігін құрылысқа арналған көбікпен бұғаттап тастаған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024