Нұр-Сұлтан. 19 шілде. 7kun.kz – Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев журналистердің отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бұл тұрғыда мен шешім қабылдамаймын. Отставкаға кету туралы шешімді ел басшылығы қабылдайды. Сондықтан мен бұл мәселеге байланысты пікір айтпаймын. Мен өз жұмысыма баға бермеймін, біздің жұмысымызға жоғары басшылық баға береді», – деді министр.
Сондай-ақ ол биыл жоспарланған екі апталық жазғы демалыс жұмыстың көптігіне байланысты кейінге шегерілгенін жеткізді.
Еске салайық, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірден үш министрге – Ауыл шаруашылығы, Сауда және Экология министрліктерінің басшыларына сөгіс жариялаған болатын.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





