Toyota компаниясы 2050 жылға қарай бензинмен жүретін қозғалтқышты машиналардан бас тартпақ. Аталған жоспар компанияның ғаламдық стратегиясына енген. Бұл жөнінде "Вести.Ru" хабарлайды.
"35 жыл - өте үлкен мерзім. Бірақ, дәстүрлі қозғалтқыштардан бас тарту - автоөндірушілер үшін бұрын-соңды болмаған оқиға, сол себепті оңай емес", - дейді Toyota басқарушы директоры Киетака Исе. Әйтсе де, "баяу дамып келе жатқан елдер" үшін бірнеше моделін қалдырамыз дейді ол. Стратегияға сәйкес, болашақта компания сутек күш беретін қондырғылы автокөліктер мен гибридтерге басымдық бермек. 2020 жылға қарай Toyota жылына кем дегенде 1,5 миллион гибрид машина шығаруды жоспарлап отыр. 2010 жылмен салыстырғанда 2050 жылға қарай компания машиналарының зиян қалдықтарының жалпы санын 90 пайызға дейін азайтады.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024