Toyota Motor автоконцерні 2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Volkswagen AG және General Motors-ды (GM) артқа тастап, сатылым жөнінен бірінші орынға шықты деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Компания мәліметінше, қаңтар-наурыз айларында Toyota сатылымы 2,5% немесе 2,52 млн көлікке дейін төмендеген. Салыстыру үшін, бірінші тоқсанда Volkswagen 2,49 млн автомобиль, GM 2,42 млн автомобиль сатқан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша да, Toyota Volkswagen-ге қарағанда 90 мың көлік артық сатып, әлемдік көшбасшы тізгінін сақтап қалған еді.
RAV4 және Lexus NX-ті қосқандағы жол талғамайтын көліктерге сұраныстың өсуі бірінші тоқсанда АҚШ нарығындағы үлес көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Ал Volkswagen америкалық нарықта қиындыққа тап болуда. Сондай-ақ бюджетті жол талғамайтын көліктердің арнайы желісінің болмауына байланысты Қытайдағы сатылым да төмендеп жатыр.
Германдық компанияның болжамынша, осы жылы қытайлық нарықтың жалпы жоғарылауымен салыстырғанда сатылым көлемі төмен болады. Volkswagen -ның Қытайдағы ең ірі шетелдік автоөндіруші болғанына қарамастан, бірінші тоқсанда брендтің сатылымы 0,6%-ға азайған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024