Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамптың ғаламдық күші

Трамптың ғаламдық күші

ГОНКОНГ – АҚШ президенттік сайлауында Дональд Трамптың күтпеген жеңісін түсіндіруге көп күш жұмсалған болатын. Бірақ, бәлкім, қарапайым түсіндіру ең дәл болып табылар: Трамп қарсыластарын ақымақтай алдады. Іс жүзінде жеңіске лайықты болған бұрынғы мемлекет хатшысы Хиллари Клинтоннан бастап, өз кандидатурасына қарсы болған республиканшылдармен қатар барлық адамдар АҚШ сайланған Президентін жете бағаламады. Әлемдік державалар, әсіресе Азиядағылар осындай қатені жасамауы қажет.

Сайлау науқаны барысында, Трамп Клинтонның қандай екенін  дәл білген: ақылды және тәжірибелі, бірақ оған өзінде бар айлакерлік және шоу жасаушылық жетіспейді. Сондықтан ол ақымақтық танытқандай, пайдасыз деген штаттарда сайлау науқанын жүргізді, ал Клинтон деректерге негізделген стратегиясы бойынша жүрді. Клинтонның тәсілі оған Трампқа қарағанда 2,7 миллионнан астам дауыс берді. Ал Трамп өз тәсілі арқылы президент орнын жеңіп алды.

Енді  билікке келуге дайындалып жүрген Трамп сол тәсілдердің көбісін қайта қолданып жүр, мысалы, баспасөз конференцияларға қарағанда митингілерге көп көңіл бөліп, Сирияда ушығып бара жатқан дағдарысқа назарын аударудың орнына Трамп «Сенбі түні Live» АҚШ комедия шоуында пікірлерін айтуда. Сонымен қатар, ол Филиппин Президенті Родриго Дутерте және Тайвань Президенті Цай Инвэнь қоңырауларын қабылдап,  АҚШ дипломатиясын мүлдем өзгертіп отыр. Трамп тағы да әлемді таңқалдырмай тұрып, біз оны түсінуді үйренуіміз керек.

Трамппен айналысатын кез келген адам оның тек аяусыз өз мүддесі үшін ғана жұмыс істейтін, Макиавелли ханзадасындай екенін білуі керек. Макиавелли айтуынша, «Ханзада жайында алғашқы пікірді жасау, және оның қандай адам екенін түсіну үшін айналасындағы бар адамдарды бақылау керек». Сондықтан, Трамп жоспарын анықтау үшін, біз оның тағайындаған адамдарынан бастауымыз керек.

Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясаттағы лауазымдарға Трамп таңдауларының арасында ортақ жәйт тез анық болады: барлықтары Таяу Шығыс және Ресей бойынша мамандар болып табылады. Трамп, оған дейін билікте болғандардың Ресейді оқшаулау әдісін кері бұруды жоспарлап отыр. Оның орнына, ол Ресейді Таяу Шығысты басқаруға көмектесу үшін пайдаланады.

Бірінші кезекте бизнесмен болған Трамп үшін, бәсекелесінің жауларымен айналасуы  жақсы табыс әкелетін іс болады. (Сондай-ақ, бұл АҚШ одақтастарынан қорғаныс үшін төлем аламын деген оның ниетін тамаша толықтырады). Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен жақындығы да көмектеседі, негізі АҚШ барлау қызметтері оның Трампқа көмектесу үшін сайлауға араласты деп сенеді.

Бірақ Трамптың Ресейді айналып жүруінің себептері - және салдары - Таяу Шығыс тақырыбынан да кең. Жоғары мұнай бағасының АҚШ пен Ресейге пайда әкеліп, ал Қытай және Жапония сияқты елдер одан зардап шегеді. Шынында да, Ресей Қытайға, сондай-ақ басқа Азия мемлекеттеріне географиялық қысым көрсете алады. (Жапонияның Қытайға қалай тез  жақындап жатқанына назар аударыңыз). Соңында, Ресей, сайып келгенде, өз қорғанысы үшін көбірек жауапкершілікті өз мойнына алуға Еуропаны ынталандыратын күш бола алады.

Трамптың экономикалық саясаты, бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Азияда да көрініс табады. Ал бұл оның кабинет тағайындауларынан анық болып тұр.

Трамп Goldman Sachs бұрынғы үш қызметкерлерін өз экономикалық командасына іріктеп алды - иә, Трамп өзі сайлау науқаны барысында қарсы шыққан сол Goldman Sachs-тан. Оның топшылдық пен сыбайлас жемқорлық «батпақтарын кептірем»  деп берген уәдесі, осылайша тактикалық емес, шынайы әдісі болды. Сондай-ақ, бұл Трамп науқан уәделерінің арасындағы іске асыратынысалық қысқартулары мен қайта реттеу болатынын көрсетеді. «Сәтсіздікке ұшырауға тым үлкен» банктерді тежеуге бағытталған саясатының, әсіресе 2010 Додд-Франк қаржы реформасының заңнамасы, Трамп төрағалығынан аман қалуы екіталай.

Шын мәнінде, Трамп және оның командасы сәтсіздікке ұшырауға тым үлкен болуды проблема ретінде көріп тұрған жоқ. Керісінше, олар АҚШ-тың бюджетіне сол логиканы қолданып жатыр. Әлемнің АҚШ ты кредиттеуді жалғастырудан бірақ ешқандай таңдауы жоқ екенін біле отырып, Трамп салықтарды кесіп және инфрақұрылым бойынша қаржы жұмсай отырып, АҚШ бюджет тапшылығын және қарыздарын құруды жайлы табады.

Кейбір фаталистердің айтуларына қарамастан, Трамптың экономикалық саясаты іс жүзінде жұмыс істеуі мүмкін. Теріс нақты пайыздық ставкалар көмегімен, жеткілікті инфрақұрылымын дамытуға арналған инвестицияларымен бірге Трамп, бүгінде Американың қарызын азайту үшін жеткілікті өнімділік мен ЖІӨ өсуін жандандыра алады. Табыс кілті сайлаудан бері 13 жыл бұрынғы максимумға жеткен АҚШ долларының қымбаттауын бақылау болуы мүмкін.

Мықты доллар Азия үшін жақсы емес. Доллар әлсіз болған кезде, трансұлттық корпорациялар жергілікті валютада жоғары табыс әкелетін дамушы нарықтардағы бизнесін қаржыландыру үшін қарызды долларымен алады. Жергілікті валютада жоғары қайтарымдар және АҚШ долларына төмендеген шығындар әркім үшін жақсы болады, әсіресе жоғары экспорт және өсіп келе жатқан капитал ағындарынан пайда алатын дамушы нарықтар үшін табысты болмақ.

Бірақ, доллар нығая бастағанда, цикл кері өзгереді. Шетел валюталық және кредиттік қамту дамушы нарықтық валюталары бойынша кеңейіп, сауда қымбаттайды. (Жаһандық физикалық сауданың кем дегенде 40%-ы АҚШ долларында жүргізіледі, бұл қаржы ағындарының кем дегенде 60% -ын құрайды).

Ақыр соңында,  доллар бағасының арту мөлшері сауда пайдасына қарағанда жоғары болғандықтан, дамушы нарықтар доллармен инвестиция жасауды бастауы мүмкін, ал бұл одан әрі доллардың құнын арттырады. Өсіп жатқан геосаяси шиеленістер циклді нығайтады; АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемелердің тез қалыпқа келтіруін бастап жатқанда, доллар тұрақтылықты білдіреді.

Барлық дерлік Азия валюталары, соның ішінде иена мен юань да, төмендеу қысымының астында тұр; Жапония банкі мен Қытай Халық банкі, бұл құнсыздануды тежеу үшін қадамдар жасап жатыр, бірақ әсері аз болып тұр. Ал дамушы экономикалар төмендеген сұраныс арқылы басылып жатқан төмен шикізат тауарлары бағасынан зардап шегуде. Доллардың жалғасып жатқан өсуі осы проблемаларды ушықтыратын болады.

Бірақ, Трамп және оның оңшыл әріптестері түсінетіндей, дамушы нарықтардың бастарына қиындық түскенде, тек ФРЖ қысымды жеңілдету үшін өтімділікті қамтамасыз ете алады. Басқаша айтқанда, бұл жерде де, Трамп күш лауазымы тұрғысынан жұмыс істеп жатыр. Біз оны жете бағаламаудан алшақ болуымыз керек, себебі барлығымызда ілеспе зиян болып кету тәуекеліміз бар.

Автор: Эндрю Шэн, Гонконг университетіндегі Азия жаһандық институтының құрметті қызметкері және тұрақты қаржы жөніндегі ЮНЕП Консультативтік кеңесінің мүшесі

Автор: Сяо Гэн, Халықаралық қаржы Гонконг Институтының президенті, Гонконг университетінің профессоры

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2016. www.project-syndicate.org

Похожие материалы