АҚШ. 6 ақпан. 7kun.kz - Trump Organization компаниясы Қазақстан, Катар және Түркиядан тартылатын жеке инвесторларының қаражатына құны 50 млн доллар тұратын Scion қонақүйін салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Scion желісінің 220 бөлмеден тұратын алғашқы қонақүйі Далластың орталығында соғылады. Жобаға жетекші Alterra International компаниясы Trump қонақүйлерінің Scion атымен келесі сериясын дайындап жатқанын мәлімдеді.
Alterra International компаниясының басшысы Майк Саримсакидің айтуынша, компания қонақүйді қаржыландырумен емес, жобалаумен айналысады. Ал құны 50 млн долларды құрайтын жаңа қонақүй Қазақстан, Түркия мен Катар инвесторларының қаржысына салынады.
Жобаға жауапты компания инвесторлар жайлы басқа ақпарат бере алмайтындарын хабарлаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024