Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Центр Кредит еншілес банкін Ресейге 2,1 млн долларға сатуы мүмкін

Центр Кредит еншілес банкін Ресейге 2,1 млн долларға сатуы мүмкін

2016 жылдың 3 ақпанында қазақстандық "ЦентрКредит" банкі өзінің еншілесі "ЦКБ-Мәскеуді" ресейлік жеке инвесторға сатқаны туралы мәлімденген болатын. Алайда банктің қаншаға бағаланғаны жөнінде түсініктеме берілген жоқ, деп хабарлайды kapital.kz.

«Банктің 100%-ы банк капиталының нарықтық бағасы бойынша сатылды. Ал қаншаға сатылғаны құпия ақпарат болғандықтан айтылмайды", - делінген еді қаржы институты таратқан хабарламада.

Келісім құны қанша болғаны белгісіз. Алайда ЦКБ-Мәскеудің 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы қаржылық есебін негізге алатын болса, келісім 1,3-2,1 млн доллар көлемінде болуы мүмкін.

Сонымен, 2015 жылдың 1 қазанында ЦКБ еншілесінің жеке капиталы 331,7 млн рубльді құрады (4,2 млн доллардан аса, доллар бағамы - 78 рубль).

«Аталған банктің бұл бағасы капиталының базалық құнының коэффиценті 0,3-0,5 деңгейінде болуымен бағаланып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресейдің  тұрақты әрі ірі банктерінің коэффицентінің өзі 0,7-1 деңгейінде бағаланған», - деді "Асыл Инвест" сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов.

Соманың мұншалықты көп болуын ЦКБ-ның есебінен байқауға болады. Мысалы банктің 1,3 млн доллары - бұл банк активінің 0,03%-ы және жеке капиталының 0,5%-ы.

Дегенмен ЦКБ-Мәскеу соңғы 2 жылда шығынға ұшыраған. 2014 жылы еншілес банктің шығыны 473,0 млн рубльді құраған (6,0 млн доллар шамасында). 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы шығын - 78,2 млн рубль (1,0 млн доллар шамасында).

Фото: kapital.kz

Похожие материалы