Құрылған жылы: 1993
Акционері:
"ЦЕСНА" Қаржы холдингі» АҚ - 55,76%
Жеке каптиталы: 124 642 533 мың теңге (2016 жылдың 1 қаңтары бойынша)
Активтері: 1 939 194 777 мың теңге (2016 жылдың 1 қаңтары бойынша)
Басқарушылары:
- Таджияков Ержан Бисенғалиұлы - Басқарма төрағасы
- Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы - Директорлар кеңесінің төрағасы
Даму жолы:
1993 жылы алғаш рет банктің Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдары ашылды. 1996 жылы Орталық Азия — Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды. 1997 жылы Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды. 1998 жылы Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды. 1998-2001 жылдары Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге «Твиннинг» институциональды даму бағдарламасына қатысты.
2000 жылы «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» « Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды. 2003 жылы Ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды. Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. Банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады.
2004 жылы
- Астана қаласында Астаналық филиал жұмысын бастады, Көкшетау қаласында КЕБ және Қарағанды қаласында филиал ашылды.
- Банк VISA халықаралық төлем жүйесіне ассоциацияланған мүше және Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына мүше ретінде қабылданды.
- Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі «Е+» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты».
2005 жылы
- Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.
- Visa халықаралық төлем карточкасы шығарылымы.
- Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цесна» корпорациясы» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ Банк холдингі мәртебесін алуына келісімін берді.
2006 жылы
- Банк сомасы 15 млрд. теңге болатын бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеді, оның шеңберінде 4 облигация шығарылымы жүзеге асырылды.
- Банк сомасы 22 млн. АҚШ доллары болатын дебюттік синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Қарызды ұйымдастырушылар Raiffeisen Zentralbank Österreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG (Германия) болды.
- Банктің Call Center Ақпараттық-анықтамалық қызметі құрылды, оған Қазақстанның кез келген нүктесінен 8 800 080 25 25 телефоны арқылы хабарласуға болады.
- «VISA International» төлем жүйесінің маркетингтік бағдарламасы қорытындысы бойынша Цеснабанк «VISA акциясының үздік жарнамалық көрсетілімі» наградасын алды.
- Банк сомасы 50 миллион АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз алуды жүзеге асырды. Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG букраннерлер ретінде.
- Банк Қазақстанда тұрған Western Union үздік қызмет көрсету пункті рейтингінде бірінші орынды алды.
- Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды
2007 жылы
- Банк 125 млн. АҚШ долларына еврооблигация шығарылымын 9, 875% купонмен қоса және 2010ж. өтелетіндей етіп жүзеге асырды. Мәміленің жетекші менеджерлері Citigroup пен Dresdner Kleinwort болды.
- Цеснабанк акционерлері директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері емес екі тәуелсіз директорды: Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) мен Яцек Бжезинскиді (Jacek Brzezinski) сайлады.
- Банк жаңа қызмет көрсетуді — мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді.
- Беделді Euromoney халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы менеджменті үздік банктердің бірі деп таныды — «Best Managed Companies 2007» номинациясы.
- Банк ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесімен серіктестік келісімге қол қойды.
- Банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды Алматы қаласында ашты.
- Банк клиенттеріне төлем карталарын кредиттік лимитпен бірге беретін «Present» жаңа бағдарламасын енгізді.
- Банкоматтарға төлем карталарын пайдаланып төлеу үшін жаңа қызмет көрсету енгізілді: 1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың банк шоттарын толықтыру; 2) «Қазақтелеком» АҚ қызметіне төлеу.
- Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингтерін растады: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қысқа мерзімді «Not Prime» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі (РФУБ) «Е+» деңгейінде. Банктің барлық рейтингілерінің «Тұрақты» деген болжамы бар.
- Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка кентінде Алматы облыстық филиалы ашылды.
2008 жыл
- Банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ақша қаражатын бөлу бойынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОКД) бағдарламасына қатысты.
- Банктің жарғылық капиталы 2 млрд. теңгеге көбейді.
- Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды.
- ҚР Білім және ғылым министрлігі белсенді қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Банкке «Жыл меценаты – 2008» сыйлығын берді.
- Банк ҚР Үкіметімен, «Қазына» АҚ-пен және «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ-пен серіктестік туралы келісімге қол қойды, оның негізінде «Қазына» АҚ Астана қаласындағы құрылыс нысандарын қолдау үшін мерзімді банк салымын орналастырды.
2009 жыл
- Банк, Қазақстан Республикасындағы канадалық өндірушілердің жабдықтарын экспорттауды қаржыландыру мақсатында, Канаданың Export Development Canada (EDC) экспорттық-кредиттік агенттігімен сомасы $13 млн. кредиттік желі туралы Келісімге қол қойды.
- Банк өзінің Процессингілік орталығын енгізуді жүзеге асырды.
- Банк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды.
2010 жыл
- Банк Цесна Гарант сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат алды.
- Банктің Екібастұз қаласында филиалы ашылды.
- Банк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге көбейтті.
2011 жыл
- Банк қала нөмірлерінен қоңырау соғудың бірыңғай 58 77 11 нөмірін, сондай-ақ мобильді телефондардан 7711 (қоңырау соғу тегін) нөмірін қолданысқа енгізді
- Банкке «Цесна Капитал» АҚ еншілес ұйымын сатып алуға рұқсат берілді
2012 жыл
- Цеснабанк World Finance британдық журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниялары және лидерлері тізіміне енді
- Wоrld Finance Цеснабанкті 2012 ж. Қазақстанның Үздік коммерциялық банкі деп таныды.
- Банк жарғылық капиталды 4, 9 млрд. теңгеге ұлғайтты.
2014 жыл
- 2014 ж. 11 шілде күні Euromoney журналы «Цеснабанк» АҚ-ты Euromoney Awards for Excellence байқауының шеңберінде 2014 Қазақстанның Ең үздік банкі деп таныды.
- "Цеснабанк" АҚ жарғылық капиталын 10 миллиард теңгеге ұлғайтты.
- 2014 ж. ақпан айының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері 1 триллион теңгеден асты.
2015 жыл
- 2015 ж. 6 қарашада Банк MasterCard® халықаралық төлем карточкаларын шығаруды бастады (жаңа өнімдер: Debit MasterCard® және Platinum MasterCard®)
- 2015 ж. қазанда Цеснабанк қазақстандық импорттаушы-компаниялар және ресей экспорттаушыларының қатысуымен жасалатын мәмілелерді іске асыру үшін Ресей Экспорт-Импорт банкімен («Росэксимбанк» АҚ) Қаржыландыру туралы Бас Келісімге қол қойды.
- 2015 жылдың наурыз айында Банк сайтында өнімдер және қызметтер бойынша алғашқы кеңес беруге online-өтінім беру қызметі іске қосылды
Банк рейтингтері
Банктiң Standard & Poor’s және Fitch Ratings рейтингтерi бар:
Эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі: B+
Болжам: Жағымсыз
Эмитенттің қысқа мерзімді кредиттік рейтингі: В
Ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzBBB-
Соңғы өзгерген күні: 20.05.2016
Fitch Ratings
Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісі: В+
Эмитент дефолтының қысқа мерзімді рейтингісі: В
Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг: BBB-(kaz)
Рейтинг бойынша болжам: Жағымсыз
Соңғы өзгерген күні: 19.01.2016
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024