Теңге бағамының өзгерісі жалпы экономикаға ғана емес әрбіріміздің қалтамызға да әсерін тигізді. Тұрмысымызға өзгеріс енді дегенмен де, қалауларыңыздан бас артуға кедергісін тигізбеуі керек. Ниетіңіз болса, әуебилетіне тапсырыс беріп, қалаған жағыңызға баруға болады. Тек барлық құпияларын ескеру керек. 7kun.kz сізге пайдалы кеңестер ұсынады.
Әуебилетін ыңғайлы бағаға сатып алу үшін бір жыл бұрын дайындалудың қажеті жоқ. Әр рейстің өз уақыты болады.
Егер Қазақстанның ішінде саяхаттамақшы болсаңыз, брондауды соңғы күнге қалдырмаған жөн. Ең ыңғайлы жолы - ұшудан 1 ай бұрын сатып алу.
Дәл қазіргі уақытты Қазақстан нарығында 4 аймақтық тасымалдаушы бар:
• Air Astana (Қазақстанның көшбасшы әуекомпаниясы, жаңа ұшақтар мен ең мықты сервиске ие. Бағалары тиісінше сол деңгейде) • SCAT (Шымкенттік жеке әуекомпания) • Bek Air (Оралдық жеке лоукостер-әуекомпания. Төмен бағаларды осы жерден табасыз) • Qazaq Air (Мемлекеттік әуекомпания, турбо-винтті ұшақтармен тасымалдайды. Аймақаралық тиімді бағалар ұсынады)
- Кешке немесе түнде ұшып шығатын әуебилеттері күндіз немесе таңертең ұшатын рейстерге қарағанда арзан болады. Бірқ бұл жағдайда таксиге қосымша шығындалатыныңызды да ескеру қажет.
- Егер сіздің сәрсенбі немесе бейсенбі ұшып кететіндей мүмкіндігіңіз болса, банк картаңызға біраз үнем жасайсыз. Бұл күндер арзан билет табуға лайық уақыт. Көпшілігі іскерлік сапарға дүйсенбі күні, ал демалысқа әдеттегідей жұма, сенбі күндері ұшады. Жұма - ұшу үшін ең қымбат күн.
- Егер саяхат кезінде үнем жасағыңыз келсе, оны жоспарлауға да көңіл бөлу керек. Билет іздеу үшін түрлі сайттарға кіріп, бағаларын салыстыруға ерінбеңіз. Мына жерден сіз белгілі бір рейске арналған ең төменгі бағаларды таба аласыз. Жақсы билеттерді көп жағдайда арзан бағада табуға болады. Жеңілдіктер науқанын жіберіп алмау үшін, әуекомпаниялар мен іздеу сайттарының акциялары туралы ақпарат жіберіп тұратын хабарламаларына жазылып қою керек. Билет бағасы биржадағы құнды қағаздар тәрізді әрбір 15 минут сайын өзгеріп отырады. Егер нақты қайда баратыныңызды шешсеңіз, билет алуға асықпай, ыңғайлы сәтті күту керек. Хабарламаға жазылып қою - ең тиімді тәсіл.
- Іздеу сайттары 2 рет ауысып мінетін рейстерді тауып береді. Жол ұзақ болғанымен, қолайлы баға үшін шыдауғ болады. Бастысы - орын ауыстыруға 2-3 сағат уақытыңыз болсын. Егер екі рейстің уақыт айырмашылығы аз болса, кешігуіңіз әбден мүмкін. Тым ұзақтың да қажеті жоқ. Бірнеше сағат бойы әуежайда отыру ешкімге ұнай қоймайды.
- Интернетте билетті Mac-қа қарағанда Windows-қа қарағанда арзан бағаға алуға болады деген лайфкахтар да табылуы мүмкін. Бірақ бұл үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Мамандардың сөзінше, әзірге бізде тұтынушыларға мұндай деңгейде сараптама жасалмайды.
- Маусым аралығында ұшыңыз. Бұл уақытта әуекомпаниялар әуебилеттерін жеңілдікпен сатады. Маусым аралығы міндетті түрде нашар ауа-райы емес. Тек бұл уақытта адамдар аз саяхаттайды, тиісінше, әуебилеттерінің ғана емес қонақүйлердің де бағасы арзандай түседі.
- Бірден екі бағытқа билет алыңыз (RT – Round Trip). Тек бір жақтағы билет (OW – One Way) бағасы екі бағыттық билетпен салыстырғанда қымбатырақ шығады.
Еуропаға бару үшін алдын-ала толық жоспарлаған жөн. Ұшу уақыты алыс болған сайын билеттер де арзан болады. Жарты жыл- ең жақсы уақыт. Америка барғыңыз келсе де осы ережені ұстану керек. Еуропаға саяхатты Венгриядан бастаған жақсы. Будапештен ұшып шығу өзге қалалармен салыстырғанда арзан. Ары қарай саяхатты жалғастыру үшін жергілікті әуежелілерін немесе автобус пен пойызды пайдалануға болады.
Ал Азия бойынша жағдай өзгерек. Валютаның құбылуына байланысты билетті бір жыл бұрын алып қоюдың маңызы бар. Дегенмен ұшу уақыты жақындаған сайын билеттер де аса көп қымбаттамайды. Оларды жарты жыл бұрын немесе 2 апта бұрын сатып алуға да болады, баға айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.
Шетелге ұшу үшін лоукостерлерді пайдалану - ең ыңғайлы нұсқа. Олар туралы бөлек айтуға керек. Лоукост компания - ең төменгі баға ұсынатын әуекомпания. Бірақ сіздің өзге жолаушыларға жасалатын қызмет түрлерінен бас тартуыңызға келеді. Сізге нақты орын берілмейді, тамақтану үшін, артық жүк үшін де қосымша ақы төлеуіңіз қажет. Билет үшін ақшаңыз қайтарылмайды. Бірақ олар сізге тамаша баға ұсынады, керегі де сол емес пе?
Әуежайдағы кез келген талон үшін қосымша ақы төлеу керек болады. Сондықтан онлайн-тіркеуден өту тиімдірек. Егер алғаш рет билет сатып алып тұрсаңыз, билетті А4 форматындағы қағазға басып берсе таң қалмаңыз. Тіркеу кезінде құжатпен бірге берсеңіз, сізге артық сөз айтылмайды.
Жүк салмағына қатысты норманы сақтаңыз. Барлық лоукостар тек қол сөмкесін алып жүруге рұқсат береді. Салмағы мен көлеміне қатаң шектеу қойылады. Нормадан асқанның барлығы үшін ақша төлеу қажет. Ал билетпен бірге билеттің 2-3 жүгін сатып алсаңыз бағасы әуежайдағы тіркеу процедурасына қарағанда арзанырақ болады.
Тамақтанғың келсе, ақша төле. Лоукоста сізге ешкім тегін тамақ ұсынбайды. Орындығыңыздағы мәзірге қарап, қалағаныңызға тапсырыс беріп, ақшасын төлеуіңіз қажет. Дәретхана тегін.
Фото:Corbis / East News
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024