Жыл сайын туризм саласындағы жеткен жетістіктері үшін берілетін ең басты халықаралық марапат World Travel Awards табыстау рәсімі өтті. Бұл сый жүзден аса номинациялар бойынша берілді. Назарларыңызға World Travel Awards-тің ең қызықты номинацияларын ұсынамыз.
Марапат 1993 жылы тағайындалған. Оны «Туристік бизнестің Оскары» деп атайды. Конкурсқа қонақүйлер, әуекомпаниялар, теңіз туризмі және туристік бағыттағы компаниялар қатысады. Ал жеңімпаздарды мыңдаған саяхатшылар мен сарапшылардың дауыс беруі арқылы анықтайды.
Әлемнің ең үздік авиакомпаниясы болып Etihad Airways танылды. Онымен қоса Etihad Airways «Бірінші класстағы үздік салондар» номинациясы бойынша да жеңіске жетті. Ал қытайдың Hainan Airlines компаниясы бизнес-класс категориясында көш бастап тұрса, эконом-класс бойынша үздік - Oman Air. Әлемнің жетекші лоукостері деп сарапшылар малайзиялық тасымалдаушы AirAsia-ны атады.
[caption id="attachment_60536" align="alignnone" width="1000"] Фото:And.kz[/caption]Үздік аэропорт номинациясын Сингапурдың Чанги әуе айлағы жеңіп алды. Олар мұндай жетістікке тегін кинотеатр, мейрамханалардың көптігі және дүкендердегі қолжетімді бағаның арқасында жетті. Туристерді әуежайда нағыз бақтардың болуы және терминалдардың бірінің шатырында бассейн орналасуы да қуантады. Дауыс берушілердің ішінде әуе айлағын ойын-сауық орталықтарына да теңегендері болды.
[caption id="attachment_60537" align="alignnone" width="1000"] Фото:journeyfamily.ru[/caption]Туристер үшін әлемнің ең үздік қаласы марапатына америкадағы Оңтүстік Каролинадағы Чарльстон қаласы ие болды. Қаланың тарихи орталығы түбекте орналасқан. Түбек Эшли және Купер өзендерінің арқасында қалыптасқан. Бұл өзендер Атлантикаға құяды. Азаматтық соғыс кезінде қала еш шығынсыз басып алынған. Сондықтан көне Чарьлстонда жүзжылдық ғимараттар мен керемет шіркеулер, биік мұнаралар және әдемі айлақтар осы күнге дейін сақталып қалды.
[caption id="attachment_60538" align="alignnone" width="1000"] Фото:americancities.ru[/caption]2016 жылдың ең үздік романтикалық курорты болып Мальдив аралдарындағы Baros танылды. Ол Үнді мұхитындағы кішкентай ғана жекеленген маржан аралы. Арал күншуақты жағажайлар және рифтермен қоршалған. Курорттық аймақ 1973 жылы ашылып, Мальдив аралдарындағы үшінші қонақүй болды.
[caption id="attachment_60539" align="alignnone" width="1000"] Фото:tripadvisor.com[/caption]World Travel Awards-тың нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік көрнекті жері номинациясы Белфастедегі (Солтүстік Ирландия) «Титаник» ескерткіш-мұражайына берілді. Бұл - аңызға айналған Титаник кемесінің құрылысы мен апатқа ұшырауына байланысты құрылған жалғыз толыққанды мұражай. Ол бұрынғы Королева аралында Белфаст шығанағына кірер тұста орналасқан.
[caption id="attachment_60540" align="alignnone" width="1000"] Фото:blogspot.com[/caption]Үздік тематикалық қонақүй - Chimelong Hengqin Bay Hotel (Қытай/Чжухай). Қонақүйде дельфиндердің әдемі мүсіндері орнатылған. Жалпы ауданы 300 000 шаршы метрді құрайды. Бұл жерден шынайы дельфиндерді де көруге болады, сырғанақтары бар үлкен аквапаркке шомылуға болады.
[caption id="attachment_60545" align="alignnone" width="1000"] Фото:cdn-hotels.com[/caption]Үздік сауда орталығы аталымын Dubai Mall (БАӘ) жеңіп алды. Бұл орталық өзінің ойын-сауық орындарымен танылды. Дәл ортасында әлемдегі ең үлкен тегін аквариумдардың бірі орналасқан. Аквариумның үстіне хайуанаттар бағы жасалған. Ал оның жанында дүние жүзіндегі ең үлкен тәттілер дүкені бар. Дубай Моллда нағыз динозаврдың қаңқасын көруге болады және мұз айдынында сырғанауға да мүмкіндік бар. Сауда орталығында тіпті өз қонақүйі де бар.
[caption id="attachment_60549" align="alignnone" width="1000"] Фото:malls-dubai.com[/caption]Сарапшылар Сант-Петербург қаласын үздік туристік және мәдени бағыттағы орталық деп танып, оған World’s Leading Cultural City Destination 2016 (Мәдени бағыттағы әлемдік көшбасшы-2016) марапатын ұсынды. Мәдени астана номинациясында Санкт-Петербургпен бірге Пекин, Лондон, Нью-Йорк, Париж, Рио-де-Жанейро, Рим, Сидней және Венеция қалалар бәсекелестікке түскен.
[caption id="attachment_60550" align="alignnone" width="1000"] Фото:roadshowspb2016.ru[/caption]Дүние жүзін ең дәмді әрі қызықты тағамдарымен мойындатқан Перу асханасы үздік атанды. Перуге – Үздік гастрономдық бағыттағы туризм аталымы берілді. Тағы бір айта кететін нәрсе Перу асханасы алуан түрлілігінің арқасында Гиннес рекордтар кітабына да енген. Бұл елдің фирмалық «қолтаңбасын» сарымсақтан, бұрыштан, жүгеріден және күріштен жасалған тағамдардан жиі тануға болады.
[caption id="attachment_60553" align="alignnone" width="1000"] Фото:ngs.ru[/caption]Ондықты Jumeirah at Etihad Towers аяқтайды. Ол 2016 жылдың үздік қонақүйі аталымына ие болды. Ғимарат Абу-Даби қаласының қақ ортасында орналасқан. Айналасында Al Khubeirah бағы, Marina сауда орталығы, Корниче жағажайы және Абу-Даби халықаралық теңіз спорттық клубы сияқты көрнекті жерлер бар.
[caption id="attachment_60554" align="aligncenter" width="696"] Фото:breakingtravelnews.com[/caption]Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024