Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Туркияда мейманхана қызметкерлері қысқарып жатыр

Туркияда мейманхана қызметкерлері қысқарып жатыр

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылы туристердің аз келуі себебінен Туркия мейманханаларының қызметкерлердің 40%-ы қысқарды. Жылдық нәтиже бойынша мемлекет Еуропадағы туризмі ең төмен ел болды, деп жазды realty.newsru.com.

Түркиядағы мейманхана қауымдастығының төрағасы Тимур Байындырдың айтуынша 2016 жылдың соңғы тоғыз айында шетелдік туристердің келу саны 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға қысқарды. Сонымен қатар ішкі туристік ағыны мен мейманханаға келушілер 30 %-ды қамтиды. Ұйым басшысының болжамы бойынша туристердің аз болуынан жыл соңына дейін 25 млрд доллар шығын болуы мүмкін. Тимур Байындырдың айтуынша, егер мемлекет шетелде жарнамалық кампаниялар арқылы өз имиджін жетілдірмесе, онда 2017 жылғы маусым да да туристерді жоғалтуы мүмкін, деп жазды NewsTurk. Мейманханалардың орташа толымы қазан айында 52,2%-ға тең болды. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қонақ үй бөлмес220інің орташа кірісі 42% -ға төмендеді. Ал 10 желтоқсан күні Стамбулда болған терракт Туркияның туризміне тағы қауіп-қатер төндірді. Сондай-ақ, Ұлыбритания мен Германияның Сыртқы істер миниистрлігі өз азаматтарына Түркияға бару талаптарын күшейтіп, сақ болуын ұсынды.

Айжан Тынышбек, "7"

Похожие материалы