Америкалық Twitter компаниясының штат қызметкерлерінің көпшілігі жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Recode порталына сілтеме жасап lenta.ru хабарлайды. Қызметкерлерді қысқарту келесі аптада басталады.
Порталдың ақпаратына сәйкес, қысқарту жұмыстары бөлімдер бойынша болады. Әзірге жұмыстан кететін қызметкерлердің саны белгісіз. Жұмысшылардың 50 пайызы инженерлер болғандықтан, қысқартудың ең көбі сол салада болады.
Штаттың қысқартылуының басты себебі - Twitter-дің құрылымын өзгерту. Бұл компанияның тиімділігін арттыру үшін жасалып отырған қадам. "Біз болжамдар мен сыбыстарға түсініктеме бермейміз", — деді Twitter-дің төрағасы.
5 қазан күні Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси ресми түрде компанияның бас директоры болып сайланды. Ал бұрынғы директор Дик Костоло өз қызметінен 30 қыркүйек күні кетті.
Twitter компаниясы 2006 жылы құрылған. Штаб пәтері - Сан-Францискода (Калифорния штаты). Штатта қазіргі уақытта 4100 адам жұмыс істеп жатыр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024