"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 8,94 млрд. теңге сомасына ірі байланыс операторы "Транстелеком" АҚ акцияларының 49%-ын сатты деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.
Жекешелендіру бағдарламасының аясында акциялар пакеті бастапқы бағасына 30% құны қосылып сатылды делінген хабарламада. Мәміледен кейін ҚТЖ иелігінде "Транстелеком" акцияларының 51%-ы қалып отыр. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 106 еншілес және тәуелді ұйымы жеке секторға берілуі тиіс. Қазіргі кезде жалпы сомасы 36,65 млрд. теңгеге 27 актив өткізілді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





