Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚТЖ "Транстелеком" акцияларының 49%-ын сатты

ҚТЖ "Транстелеком" акцияларының 49%-ын сатты

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 8,94 млрд. теңге сомасына ірі байланыс операторы "Транстелеком" АҚ акцияларының 49%-ын сатты деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.

Жекешелендіру бағдарламасының аясында акциялар пакеті бастапқы бағасына 30% құны қосылып сатылды делінген хабарламада. Мәміледен кейін ҚТЖ иелігінде "Транстелеком" акцияларының 51%-ы қалып отыр. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 106 еншілес және тәуелді ұйымы жеке секторға берілуі тиіс. Қазіргі кезде жалпы сомасы 36,65 млрд. теңгеге 27 актив өткізілді.

Похожие материалы