Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz - Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пара алғаннан бөлек өзгелерге "қолдау білдірген" және лауазымын асыра пайдаланған деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді.
"Ол жерде "қолдау білдіру" де, пара алу да бар, барлығы бір бап бойынша емес. Егер заңға қарасақ, оған күдік көп", - деді А. Шпекбаев Бишімбаев туралы сұрақтарға жауап бере отырып.
Оның айтуынша, әзірге тергеу жүріп жатыр және тез арада аяқталады деп айтуға әлі ерте. "Әзірге тергеу жүріп жатыр, бүгін-ертең аяқталмайды. Ол жерде көп нәрсе, сарапшылар бар. Қорғаушылар тарапынан да мәлімдемелер болады", - деді төраға орынбасары. А.Шпекбаевтың болжауынша, тергеу кезінде жымқырылған қаржы сомасы да айтылуы мүмкін.
Еске салайық, осы жылы қаңтардың басында бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев жемқорлық деген бап бойынша күдіктеліп, тұтқындалды. Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, экс-министр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы кезінде 1 млрд теңге жымқырған деп айыпталып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024