Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендіруіне негізделген, шаруаландырудың тиімді формалары мен өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.
Бұл міндетті іс-жүзіне жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның қаражаттық жағдайының талдауына маңызды роль береді.
Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қытынастарға өту жағайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.
Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің тәжірибесі мен әдістемесінде өте маңызды өзгерістер байқалынады, бұның басы мәселесі біздің мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі болды.
1997 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп стандарттарын, шотардың Бас жоспарын және қаржылық есеп берудің формаларын келтіріп бәрін іске енгізуі, нарық экономикасының талаптарына сәйкес, қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін құруды талап етеді.
Тәжірибе жүзінде дәстүрлі бухгалтерия қаржы ақпаратының тұтынушыларына толық мәлімет бере алмайды. Сондықтан бұл мәлімет қалыптастырылған немесе толысып-жетілдірілген болу керек, яғни осы мәліметтер арқылы белгілі бір шешім шешу үшін. Қазіргі заман экономикасында бухгалтер қаржы нәтижесінің құрылымдық әдістемесін білу керек, басқару органдарына есептік саясатты таңдап бере алу керек, яғни оның қызмет сферасы шоттаудан қаржы менеджментіне ейін өрлеу керек.
Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлату үшін деуге болады.
І. «УАТ» ЖШС САБЫН КОМБИНАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (НТК)
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің сипаттамасы
Су-сабын нарығының өсу перспективілігі, ең алдымен, өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендеуімен байланысты, өйткені біз бұрыннан білетініміздей, ел қаншалықты нашар тұрса, соншалықты ол су- сабын өнімдерін көбірек тұтынады. Сол себепті ассортиментінің шектеулілігі мен өнімнің көп бөлігінің сапасының төмендігіне қарамастан, су- сабын Қазақстандықтар үшін “бірінші кезекті” өнім болып қалуда. Бүгінгі таңда, статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандықтардың негізгі тұтынатын химия өнімдерінің ішінде су- сабын 60-70% құрайды, дегенмен, бұл өнімнің бағасы, сапасы және тұтыну нарығының жағдайы айтарлықтай мәз емес. Егер зауыттар мемлекеттік сауда инспекциясы, стандартизация комитеті, санэпидемстанция тарапынан бақыланбайтын болса, жеке кәсіпкерлер ешқандай да лицензиясыз су- сабынды шығара береді, төменгі бағамен сапасыз химиялық заттарды пайдаланады. Бұл соңғыларға су- сабын өнімдері нарығының біршама бөлігін жаулап алып, су- сабын өнімдерінің ірі өндірушілерімен табысты бәсекелесуге мүмкіндік берді.
Су- сабын шығару өндірісінің кәсіпорындары ашық жүйе ретінде химиялық заттарды өндірушілермен, элеваторлы және көліктік шаруашылықтармен, тауарлы – қызмет көрсету және тағы басқа да субъектілермен өзара қарым-қатынас жасайды. Сондықтан шикізат пен материалдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша және соңғы өнімді өндіру және өткізу бойынша қызметтері талап етіледі. Бұл қызметтер жүйелі, мақсатты бағытталған сипатта болуы керек және оның нәтижесі минимум шығындар мен максимум табыс кезінде тұтынушыларды қанағаттандыру болуы керек.
Өндірісті басқаруды қарастыра отырып ерекше атап кететін жайт, су- сабын өндіру өнеркәсібі күн сайын халықты негізгі химиялық өнімдерінің бірімен қамтамасыз ететін өндіріс саласы болып табылады. Сондықтан зауыттардың қуаттары су- сабын өнімдерінің қажеттілігін толық қанағаттандыра аларлықтай болуы керек. “УАТ” су- сабын комбинаты сабын, шампунь, ыдыс жууғыш өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі. Жұмысшы жобаны 1982 жылы “Казгипрохимпром” Мемлекеттік жобалық институт әзірлеген. Зауыттың негізгі технологиялық құрал-жабдығы 1988жылдан бері пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 163,8 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес Әділет министрлігі 2003 жылы 7- сәуірде “УАТ” ЖШС НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.
Кәсіпорынның басқару құрылымы 9 департаменттен тұрады, олардың басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 9 директор тұрады.
- Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
- Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент- кәсіпорында дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың, технологияның жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде ұйымдастырылуына жауап береді.
- Материалдық – техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.
- Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.
- Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің сатылуын бақылау.
- Технологиялық департамент – шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және бүкіл технологиялық процесті бақылау.
- Қауіпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.
- Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.
- Келісімшарт бөлімі – келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы мәселелерді шешу.
Жаңа нарықтық экономика жағдайында комбинат ұжымы өнімнің ассортиментін біршама кеңейту және жаңа прогрессивті технологияларды ендіру жолдарын іздеуге мәжбүр болды.
Қатаң бәсекелестік жағдайында қораптың тартымдылығы маңызды факторға айналуда. Көп жағдайларда қораптың ұтымды дизайны сатуды көбейтудің оңтайлы әдісі болады. Қораптың жаңа түрлері туралы сатып алушылар оң ойларын білдіруде: комбинаттың өнімі тартымды болып қана қоймай, оны тез тануға болады.
Су-сабын комбинатының барлық өнімі жоғары сапалы. Мұндай сапаны кепілдеу жоғары квалификациялы технологиялық қызмет кезінде ғана мүмкін болады. Түсетін шикізаттың, технологиялық процестің және дайын өнімнің сапасын бақылаудың нақты жүйесін ұйымдастыру жоғары тұтынушылық сұранысқа ие өнім өндіруге мүмкіндік береді. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің ылғалдылығын оперативті және дұрыс бақылауын қамтамасыз ету үшін “Вернер и Пфляйдерер” швейцарлық фирмасының ылғалдылықтың гологендік тексергіші сатып алынды.
Сапалы өнімді өндіруде комбинат мамандарының табыстары байқаусыз қалған жоқ. Қала дүкендерінде үнемі өнімнің көрме саудалары жүргізіледі. Олар сатып алушылармен тікелей қарықатынасты қамтамасыз етеді, мұнда тұтынушылар өздерінің көзқарастары мен ескертулерін айта алады, өнімнің рецепті, химиялық құрамы, туралы ақпарат ала алады және ұнаған өнімін сатып ала алады.
Су-сабын өндіру саласының өнімдерін көбейту мәселелерін жаңа су- сабын өндіру кәсіпорындарын салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау, бар өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, саладағы кәсіпорындардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру жолдарымен шешуге болады. Нарықта болып жатқан өзгерістерге байланысты (нарықтағы монополиялық жағдайдан еркін бәсекелестікке көшу), және су- сабын өнімдері нарығында өздерінің біраз үлестерін жоғалтуына байланысты, су- сабын зауыттары келесі шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды: біріншіден, нарықты, тұтынушылардың сұранысын, қалауларын және талғамдарын терең және жан – жақты зерттеу; екіншіден, өндірісті осы талаптарға икемдеу, сұранысқа жауап беретін өнім шығару; үшіншіден, өз мүдделері үшін нарық пен қоғамдық сұранысқа әсер ету.
Су-сабын және парашок бұйымдары (НТБ) нарығын зерттеу келесілерді қамтиды: жергілікті тауар өндірушілердің су- сабын және парашок бұйымдарын өндіру жағдайларын зерттеу; осы аймақтық тұтыну нарығындағы бәсекелестікті зерттеу; су- сабын өнімдерін бөлшектеп сатудың жағдайы мен даму тенденциясын бағалау; тұтынушылардың қалауларын анықтау және олардың су- сабын бұйымдарына ағымдағы сұранысын бағалау.
Парфюмерия бұйымдары тұтыну нарығының қанығу проблемасы түрлі позициялардан қарастырылған, бірақ негізгі көңіл сабын, тіс пастасы және кір жуғыш парашок бұйымдарының соңғы тұтынушы сатып алушылардың қалаулары көзқарастарын зерттеуге бөлінген. Сабын бұйымдары нарығының қанығуы туралы тұтынушылардың көз қарастарын білу үшін Алматы қаласы дүкендерінің сатып алушыларынан сұрақ-жауап алынды (4 кесте).
Тұтынушылардың көпшілігі сабын нарығының қанығуын жеткілікті (67%) және жоғары (8%) деп бағалайды. Шампунь бұйымдары (ТБ) нарығында жағдай нашарлау: жеткілікті және жоғары бағалаулардың үлесі 49% құрайды, ол сабын нарығына қарағанда 113%-ға төмен.
1 - кесте Алматы қаласының сабын нарығының қанығуын тұтыншылардың бағалауы (%-бен)
сабын | Тұтынушылардың бағалауы | Сабын бұйымдары |
13,0 | Жоғары | 13,0 |
54,0 | Жеткілікті | 43,0 |
24,0 | Қанағаттандырарлық | 29,0 |
7,0 | Төмен | 15,0 |
2,0 | Жауап бере алмайды |
Сабын бұйымдары ассортиментінің кеңдігін тұтынушылардың бағалауы олардың қанағаттанарлық дәрежесі туралы айтады: жауап берушілердің 62%-ы ассортименті кең деп санайды, 17%-ы өте кең, 17%-ы шектелген, 4%-ы тар. Сәйкесінше, сабын бұйымдары нарығында жауап берушілердің 21%-ы оны кеңейту қажет деп санайды.
Қаладағы сабын және парашок бұйымдары сатылу жағдайын бағалау нәтижесінде сатып алушылардың көпшілігі 55%-ы оның жақсарғанын айтады, 37%-ы жағдай өзгермеген десе, 55%-ы бұл тауарлардың сатылуының нашарлағанын айтады.
ІІ. «УАТ» ЖШС сабын-парашок комбинатының қаржылық көрсеткіштерін талдау
«УАТ» сабын комбинатының кадрлар құрылымы келесідей:
2 - кесте - «УАТ» сабын комбинатының кадрлар құрамы
Жұмыскерлер категориясы | 2004 ж. адам | 2005 ж. адам | Ауытқу, адам | Өсу қарқыны |
Өнеркәсіпті-өндірістік персонал | 368 | 491 | 123 | 133,4239 |
Соның ішінде: | ||||
-жұмысшылар, барлығы | 360 | 362 | 2 | 100,5556 |
Олардың ішінде: | ||||
-негізгі | 276 | 276 | 0 | 100 |
-көмекші | 57 | 59 | 2 | 103,5088 |
-басшылар мен мамандар | 13 | 13 | 0 | 100 |
-қызметкерлер | 14 | 14 | 0 | 100 |
Өнеркәсіптік емес персонал | 69 | 96 | 27 | 139,1304 |
Барлығы | 437 | 587 | 150 | 134,3249 |
«УАТ» сабын комбинатының жылдық есептемелері негізінде әзірленген
«УАТ» сабын комбинатында келесідей цехтар бар: сабындар цехы, порошок цехы, тіс паста цехы, су-сабын цех, дайын емес заттардың арнайы сақтау қоймасы. Қосалқы участкелер: механикалық шеберханалар, электрлік шеберханалар, санитарлы-гигиеналық участке, бақылау пункті, гардероб. Кәсіпорынның цехтарының жұмыс істеу режимі 6 кестеде көрсетілген.
3- кесте - «УАТ» сабын комбинаты цехтарының орнатылған жұмыс режимі
Цех, линия | Өнімдердің аты | Жұмыс режимі | Өнімді- лік тг/тәулік | ||
ауысым | сағат | ||||
Сабын цехы | |||||
1-линия | Иіс сабын | Резерв | - | 26,63 | |
2-линия | - | 2 | 12 | 26,63 | |
3-линия | - | 2 | 12 | 26,63 | |
4-линия | - | 2 | 12 | 26,63 | |
5-линия | Кір сабын | 2 | 12 | 6,0 | |
6-линия | Кір сабын | 1 | 8 | 3,76 | |
Кір жуғыш парашок цехы | |||||
1-линия | Қолмен жуатын парашок | 1 | 8 | 1,3 | |
2-линия | Қолмен жуатын парашок | 1 | 8 | 1,3 | |
3-линия | Автоматты парашок | 1 | 8 | 1,43 | |
4-линия | Химиялық материалдар | 1 | 8 | 1,9 | |
Сабақша линиясы | |||||
5-линия | Сабақша | 1 | 8 | 0,35 | |
6-линия | Сабақша | 1 | 8 | 0,35 | |
Ауа желдеткіш цех | |||||
“Экмасан” | Бөлішкелік | 1 | 8 | 1,26 | |
Тіс паста цех | |||||
Эл/шкаф 1 | Сұйық паста: таза дем | 1 | 6,5 | 0,26 | |
Эл/шкаф 2 | - | 1 | 6,5 | 0,26 | |
Эл/шкаф 3 | Сұйық паста: ағартқыш. | 1 | 5,0 | 0,36 | |
Пеш ПКЭ-9 | Сұйық паста: тіс егін емдеугіш | 1 | 6,5 | 0,23 | |
Экл.линия1 | Кәдімгі паста ассортименті | 1 | 6,5 | 0,25 | |
Экл.линия2 | Кәдімгі паста ассортименті | 1 | 6,5 | 0,25 | |
Визит бойынша барлығы 107,25 | |||||
“УАТ” сабын комбинатының жылдық есептемелері негізінде әзәрленген
Формалы және жалпақ сабын шығаруу бойынша цехқа 6 линия кіреді. Олар ХПА-40 маркалы газды конвейерлі сабын құю комбайны, РЗ-ХД2У бөліп салу машинасымен, РЗ-ХРЖ қамырды иіту құрылғысымен жабдықталған. Қазіргі уақытта бұл линия өндірісте қолданылмайды және резерв ретінде пайдаланылады.
Зауытта орнатылған жұмыс режимі кезінде 1,2,3,4 - линиялардың тәулігіне 26,63 тоннаға тең қуаттылықтары бірдей, линияларда “Иіс сабын” (0,65) пшығарылады. Қазіргі уақытта өндірісте 2, 3 және 4– линиялар жұмыс істейді, оларда тәулігіне 30 тонна түрлі сабындар шығарылады. Иіс және кір сабын шығару бойынша 5-6 линиялар электрлі құйғыш бар БН-50 конбайнмен, Б-4-58 бөліп жазғыш машинасымен және А2-ХТН бөлгішімен жабдықталған. Бұл линиялардың екеуі де жұмыс істейді. Парашок цехында 4 технологиялық линиялар орнатылған. Олардың екеуі автомат мәшіне парашогы түрлерін өндіру үшін пайдаланылады, біреуі – қолмен жуу парашок шығару үшін, линиялардың бірі өрмелер шығару үшін қайта жабдықталған. Ыдыс жуғыш затты өндіру үшін екі технологиялық линиялар орнатылған, олар ТМ-63 қамыр илегіш машинасынан, бөлгіш пресінен, шнек және матрицадан тұрады. Фирманың жобалық өндірістік қуаттылығы:
- сабын өнімдеріне – 142,8 тонна тәулігіне;
- парашок өнімдеріне – 19,6 тонна тәулігіне;
- сыртқы қабы – 1,4 тонна тәулігіне.
Осылайша, барлығы тәулігіне 163,8 тонна. Бұл қуаттылықты қамтамасыз ету он екі кешенді –механикаландырылған линияларды орнату есебінен мүмкін болып отыр, олардың сегізі электр жылытқышпен жұмыс істейтін пештермен, ал төртеуі газбен жұмыс істейтін пештермен жабдықталған. Бүгінгі күні Визит тәулігіне 64 тонна нан 0,3 тонна сыртқы қабын өндіреді, қосымша цехтарда: бөлішке өнімдері – 0,6 тонна, кондитер өнімдері – 0,3 тонна.
“УАТ” сабын комбинатының өндірістік қызметі Қазақстан Республикасының барлық бекітілген стандарттарына сәйкес келетін және халықтың сұранысына жауап беретін, бәсекеқабілетті өнім өндіруге бағытталған.
Комбинатта өндірілген өнімді сататын дүкендер желісі жұмыс істейді. Өткізудің дәстүрлі арналары болып ірі және шағын дүкендер, жеке кәсіпкерлер сияқты делдалдар табылады. Бұйымдардың таралуы екі әдіспен жасалады: бірінші жағдайда өнім комбинаттың көлігімен тапсырыс берушіге дейін жеткізіледі немесе өнім сатып алушының көлігімен комбинат территориясынан алып кетіледі.
Өнім өткізу процесінде бірінші кезең – сатып алушылардан тапсырыс қабылдау. Тапсырыстарды өткізуден бір күн бұрын телефон арқылы диспетчер қабылдайды. Келіп түскен тапсырыстардың негізінде өндірілетін өнім көлемі, қозғалыс маршруттары қалыптасады, дайын өнімді жеткізу уақыты анықталады.Сонан соң түскен тапсырыстар бойынша компьютерде накладной толтырылады, соның негізінде сатып алушы кассада есеп айырысып, диспетчердің рұқсатымен өнімді тиейді. Өнімді тиеу екі қоймада жасалады: жууғыш бұйымдарбұйымдар қоймасы және сабын өнімдері қоймасы.
Тұрақты тапсырыс берушілерге (дүкендер мен супермаркеттерге) өнімді жеткізу комбинаттың көлігімен жасалады. Қазіргі уақытта комбинатта отыз автокөлік бар. Олардың жиырма бірі сабын тасымалдау фургондары және алты “Газель” маркалы автокөліктер. Түскен тапсырыстар көлеміне қарай машиналар күніне алты рейс жасайды. Бір рейс ішінде машиналар 10-15 дүкенге қызмет көрсетеді.
Комбинаттың коммуникация стратегиясы сатып алушылармен жақсы өзара қарым-қатынас концепциясына және баға белгілеу саясатына негізделген.
“УАТ” сабын-парашок комбинатының таза табысының өсуі келесі факторлардың әсерінен болды:
- өнімнің сапасы мен ассортимент құрылымының жақсаруы;
- негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы;
- өткізілмеген өнім қалдықтарының азаюы;
- еңбек өнімділігінің көбеюі.
4 - кесте - “УАТ” сабын-парашок комбинатының негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем | 2004 ж. | 2005 ж. | Ауытқу | Өсу қарқыны, % |
бірлігі | ||||||
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс | теңге | 1968805161 | 2271375871 | 302570710 | 115,3 |
2 | Өнімнің өзіндік құны | теңге | 1383718111 | 1623762030 | 240043919 | 117,3 |
3 | Жалпы табыс | теңге | 585087050 | 647613841 | 62526791 | 110,6 |
4 | Кезең шығындары | теңге | 505515062 | 544461443 | 38946381 | 107,7 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | теңге | 79571988 | 103152398 | 23580410 | 129,6 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | теңге | 4126165 | 6029617 | 1903452 | -146,1 |
7 | Салық салуға дейінгі табыс | теңге | 83698153 | 97122781 | 13424628 | 116,0 |
8 | Салық салғаннан кейінгі табыс | теңге | 55079239 | 75886971 | 20807732 | 137,7 |
9 | Таза пайда | теңге | 55079239 | 75886971 | 20807732 | 137,7 |
10 | Жұмыскерлер саны | адам | 437 | 587 | 150 | 134,3 |
11 | Соның ішінде: жұмысшылар саны | адам | 360 | 362 | 2 | 100,5 |
12 | 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | теңге | 4505274,9 | 3869464,8 | -635810,1 | 85,8 |
13 | 1 жұмысшының еңбек өнімділігі | теңге | 5468903,2 | 6274518,9 | 805615,7 | 114,7 |
14 | Жұмыскерлердің еңбекақы қоры | теңге | 792189 | 1155127 | 362938 | 145,8 |
15 | Соның ішінде:жұмысшылардың еңбекақы қоры | теңге | 570376,0 | 831691,4 | 261315,4 | 145,8 |
16 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы | теңге | 15106,5 | 16398,7 | 1292,2 | 108,5 |
17 | 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы | теңге | 13203,1 | 19145,7 | 5942,6 | 145,0 |
18 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны | теңге | 713136553 | 864146054 | 151009501 | 121,1 |
19 | Айналым құралдарының орташа жылдық құны | теңге | 366671136 | 419204823 | 52533687 | 114,3 |
20 | Сатылымдар рентабельділігі | % | 2,8 | 3,3 | 0,5 | 117,8 |
21 | Өндіріс рентабельділігі | % | 5,1 | 5,9 | 0,8 | 115,6 |
22 | Өнім рентабельділігі | % | 2,9 | 3,5 | 0,6 | 120,6 |
23 | 1 тг өнімге кеткен шығындар | теңге | 0,9 | 0,9 | 0 | 100 |
“УАТ” сабын-парашок комбинатының жылдық есептемелері негізінде
Кәсіпорында технико-экономикалық талдау жүргізгенде өнімнің өзіндік құнымен байланысты немесе көрсеткіш ол өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар пайдаланылады.
Жалпы алғанда “УАТ” сабын-парашок комбинатының негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау оның 2005 жылғы қызметінің оң нәтижесін көрсетеді.
Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді талдау көрсетіп отырғандай, 2005 жылы 2004 жылға қарағанда өнімді өткізуден түскен табыс көлемі 302570710 теңгеге көбейді немесе 2271375871 теңгені құрады.
2005 жылы жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 587 адам болды, солардың ішінде өндірістік персонал 437 адам.
2005 жылы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне – 0,9 тиын шығынмен тауарлы өнімнің өзіндік құны 1623762030 теңге болды. 2004 жылмен салыстырғанда өзіндік құн 240043919 теңгеге немесе 17,3%-ға өсті. Өзіндік құнның көбеюі өнімді шығаруға керкті материялдар бағасының өсуіне, сондай-ақ энерготасушыларға бағаның өсуіне және сабын зауытының төмен техникалық, технологияляқ деңгейіне байланысты.
Жоғарыдағы кестеде “УАТ” сабын-паршок комбинатының негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері келтірілген, мұнда өндіріс көлемінің біршама өскенін көруге болады. Бірақ негізгі шикізат бағасының өсуі және дайын өнімнің тұрақты бағасы есебінен таза табыстың күрт төмендеуі байқалады.
“УАТ” сабын парашок комбинатының қаржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін бұл жұмыста 2004 және 2005 жылғы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының соммасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік капитал соммасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.
2004 жылы: 96343,2+156624,0–175330,1=77637,1 мың теңге;
2005 жылы: 133409,0+100684,8-234699=-605,2 мың теңге.
Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2004 жылдың аяғына олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.
Меншіктік айналым құралдары материалды - өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері келесіні құрады:
2004 жылы: 77637,1+21404,5=99041,6 мың теңге;
2005 жылы: 0+62941,2=62941,2 мың теңге;
2004 жылы кәсіпорынның абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады,
яғни келесі шарт сақталды: ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары;
30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге.
Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және кәсіпорын сыртқы несиелерге тәуелді емес.
2005 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:
Меншіктік айналым құралдары < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;
0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.
Бұл жағдайда кәсіпорын қорларды жабуға тартылған құралдарды пайдаланады, ол негізінен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар.
Кәсіпорынның өтімділігін талдау үшін ағымдағы, жылдам және аб-солютті өтімділік коэффициенттері пайдаланылады, олар 8-кестеде көрсетілген.
5- кесте - “УАТ” сабын -парашок комбинатының өтімділік көрсеткіштерін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2004 жылға | 2005 жылға | Өзгеруі тг. | 2004 ж %-бен |
1 | Ағымдағы активтер, тг | 279926906 | 376269082 | 96342176 | 134,4 |
2 | Өтімді активтер Мың тг. | 80548,5 | 33915,3 | -46633,2 | 42,1 |
3 | Ақша қаражаттары Мың тг. | 97061,0 | 42466,1 | -54594,9 | 43,7 |
4 | Қысқа мерзімді міндеттемелер, Мың тг. | 33738,9 | 85600,7 | 51861,8 | 253,7 |
5 | Ағымдағы өтімділік коэф. | 3,3 | 0,99 | -2,31 | 30 |
6 | Жылдам өтімділік коэф. | 2,39 | 0,4 | -1,99 | 16,7 |
7 | Абсолютті өтімділік коэф. | 0,12 | 0,11 | -0,01 | 91,6 |
“УАТ” сабын-парашок комбинатының жылдық есептемелері негізінде
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2004 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2005 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабу мүмкін еместігін көрсетеді.
Жылдам өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне
өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2004 жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті болған болса, 2005 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азаюы мен міндеттемелердің өсуі есебінен ), ал қысқа мерзімді міндеттемелер қажет болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады. Абсолютті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01теңгеге төмендеп, 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1теңгесіне ақша қаражаттарының 0,11 теңгесін құрады.
Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері кәсіпорынның жағдайы 2004 жылы жеткілікті тұрақты болғанын, 2005 жылы ауыр болғанын көрсетеді. Тауарлы-материалды қорларға салынған құралдар пайдаланылса да, кәсіпорын қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.
Әрі қарай 6 кестеде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау көрсетілген. Автономия коэффициенті кәсіпорынның қарыз капиталды меншіктік капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34-42%-ға дейін құрайды.
6 кесте-“УАТ” сабын- парашок комбинатының қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштеріне талдау (2004-2005)
№ | Көрсеткіштер | 2004ж | 2005ж | Өзгеруі, тг | 2004ж. %-бен |
1 | Меншіктік капитал, тг. | 290153806 | 341231185 | 51077379 | 117,6 |
2 | Міндеттемелер, тг. | 281850900 | 501116306 | 219265406 | 177,7 |
3 | НҚ мен МЕА-ң бастапқы құны, тг. | 715040630 | 868497231 | 153456601 | 121,4 |
4 | НҚ мен МЕА-ң тозуы, тг. | 267260085 | 313065768 | 45805683 | 117,1 |
5 | Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, тг | 447780545 | 555431463 | 107650918 | 124,0 |
6 | Баланс, тг | 842347491 | 983246274 | 140898783 | 116,7 |
Меншіктік және қарыз құралдарының арақатынасын сипаттайтын көрсеткіштері | |||||
7 | Автономия коэффициенті | 0,33 | 0,42 | 0,09 | 127,2 |
8 | Қаржылық тәуелділік коэф. | 0,66 | 0,58 | -0,08 | 87,8 |
9 | Қарыз қаражат/ң коэф. | 1,98 | 1,40 | -0,58 | 70,7 |
10 | Инвестиция/ды өтеу коэф. | 0,88 | 0,73 | -0,15 | 82,9 |
11 | ТМҚ/ды өтеу коэф. | 3,21 | 0,74 | -2,47 | 23,0 |
Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер | |||||
12 | Негізгі құрал/ң нақты құн/ң коэф. | 5,67 | 4,20 | -1,47 | 74,0 |
13 | Амортизация/ң жинақталу коэф. | 0,13 | 0,20 | 0,07 | 153,8 |
14 | Ағымдағы активтер мен қозғал-майтын мүліктің арақатынасы-ның коэф. | 0,71 | 0,84 | 0,13 | 118,3 |
15 | Меншіктік айналым құралдары | 77637,1 | - | -77637,1 | - |
“УАТ” сабын-парашок комбинатының жылдық есептемелері негізінде
Қарыз құралдарының үлесі 8%-ға төмендеген, бірақ оған қарамастан әлі жоғары болып қалуда (66%), оны қаржылық тәуелділік және қарыз қаражаты коэффициенттері растайды. Инвестицияны жабу коэффициентінің 0,73-ке
дейін кемуі байқалады, 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Осы себептен қорларды жабу коэффициенті де кеміген және егер 2004 жылы ол тауарлы-материалды қорлардың 1 теңгесіне қорлардың қалыптасу көздерінің 3,21 теңгесін құраса, 2005 жылы -1,22 теңге, бұл кезде тауарлы-материалды қорлар толығымен несиелік қарыздар есебінен қалыптасқан.
Мүліктің нақты құнының коэффициенті кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайды. “УАТ” сабын-парашок комбинатының бұл көрсеткіш өте жақсы болып отыр және бір жыл ішінде 61-67%-ға көбейген. Сондай-ақ құрал-жабдықтардың тозу мәні 20%-ға көбейгені байқалады Ағымдағы активтер мен жылжымайтын мүлік арақатынасының коэффициенті 2004 жылы – 0,71 болса, 2005 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 0,84 теңгесін құрады. Міндеттемелер ағымдағы активтермен жабылатын және ағымдағы активтер мен жылжымайтын мүлік арақатынасы коэффициенті қарыз қаражакттарының меншіетік капиталға қатынасынан үлкен болған жағдайда кәсіпорынның минималды қаржылық тұрақтылығын жетуге болады. Біздің жағдайымызда бұл теңсіздік орындалмайды:
0,71 <1,98; 0,84 <1,4
Кәсіпорынның дағдарысты жағдайдан өзінің несиелік қарызын азайту, артық тауарлы-материалды қорлар мен негізгі құралдарды өткізу арқылы ғана шыға алады. Кәсіпорын өзінің күшін қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы керек, өйткені ол жалпы алғанда қанағаттанарлықсыз болып табылады.
«УАТ» сабын-парашок комбинатының қаржылық – экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне талдау жүргізген жөн, олар 10 және 11 – кестелерде көрсетілген.
7 - кестеден көріп отырғанымыздай активтердің айналымдылық коэффициенті жыл ішінде 2,51-2,63 есеге кішкене ғана өскен, яғни ол бір жыл ішінде өндіріс циклы неше рет болғанын көрсетеді.
Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффициценті 10,76-6,94-ке қысқарғанымен, ол әлә де жоғары болып қалуда, өз кезегінде ол несиелік ресурстардың тартылуына және болашақта кәсіпорынның табыстылығының төмендеуіне алып келеді. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті 3,79-4,1-ге көбейген, ол негізгі құралдардың 1 теңгесіне өнімді өткізуден түскен табыстың көбейгендігін көрсетеді, яғни негізгіт құралдардың құнына қарағанда өткізуден түскен түсімнің өсуі есебінен қор қайтарымдылығы жылдам қарқынмен өсуде.
7- кесте - «УАТ» сабын- парашок комбинатының іскерлік белсенділігін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2004ж. | 2005ж. | Өзгеруі, мың тг | 2006ж %-бен |
1 | Активтердің орташа жылдық құны, мың тг | 258170,3 | 303200,3 | 45030 | 117,4 |
2 | Меншіктік капиталдың орташа жылдық құны, мың теңге | 60058,4 | 114876,1 | 54817,7 | 191,2 |
3 | Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге | 87436,7 | 98185,8 | 10749,1 | 112,2 |
4 | Несиелік қарыздың орташа жылдық мәні, мың теңге | 61360,7 | 59669,8 | -1690,9 | 97,2 |
5 | Активтердің айналымдылық коэффициенті | 2,51 | 2,63 | 0,12 | 104,7 |
6 | Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффициенті | 10,76 | 6,94 | -3,82 | 64,4 |
7 | Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті | 3,79 | 4,1 | 0,31 | 108,1 |
8 | Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті | 7,39 | 8,12 | 0,73 | 109,8 |
9 | Несиелік қарыздың айналымдылық коэффициенті | 10,53 | 13,37 | 2,84 | 126,9 |
“УАТ” сабын- парашок комбинатының жылдық есептемелері негізінде
Ағымдағы активтердің айналымдылық көрсеткіші бір жылда 7,39-8,12-ге дейін өскен, ол ағымдағы активтердің құнына қарағанда өнімді өткізуден түскен табыстың 11%-ға көбірек өсуінен болған. Айналымдылық біршама жоғары, ол нан пісіру өндірісінің ерекшеліктерімен байланысты.
Сонымен қатар несиелік қарыздың өсуі байқалады, ол өткізуден түскен табыстың өсуі мен несиелік қарыздардың кемуінің салдары. Несиелік қарыздың айналымдылығы 2,84-ке көбейген және 2005 жылы 13,37 есені құрап отыр.
Төменде 8-кестеде - «УАТ» сабын- парашок комбинатының табыстылық көрсеткіштері талданған. Кестедегі мәліметтер негізінде кәсіпорыннның жалпы табыстылығы төмендегені туралы қорытынды жасауға болады. Өнімді өткізуден түскен табыс (23%), жалпы табыс (10%), активтер (11%), меншіктік капитал (38%) көбейгенімен таза табыс (38%) пен негізгі қызметтен түскен табыстың (24%) төмендеуі байқалады,ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан болған.
8-кесте - «УАТ» сабын- парашок комбинатының табыстылығын талдау
№ | Көрсеткіштер | 2004 ж. | 2005 ж. | Өзгеруі, тг. | 2004ж. %-бен |
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс, тг. | 1968805161 | 2271375871 | 302570710 | 115,3 |
2 | Жалпы табыс, тг. | 585087050 | 647613841 | 62526791 | 110,6 |
3 | Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны, тг. | 1383718111 | 1623762030 | 240043919 | 117,3 |
4 | Негізгі қызметтен түскен табыс, тг. | 79571988 | 103152398 | 23580410 | 129,6 |
5 | Таза табыс, тг. | 55079239 | 75886971 | 20807732 | 137,7 |
6 | Ағымдағы активтер, тг. | 279926906 | 376269082 | 96342176 | 134,4 |
7 | Ұзақ мерзімді активтер, мың тг. | 175330,1 | 234699,0 | 59368,9 | 133,8 |
8 | Меншіктік капитал, тг. | 290153806 | 341231185 | 51077379 | 117,6 |
9 | Ағымдағы активтердің табыстылығы | 0,74 | 0,49 | -0,25 | 66,2 |
10 | Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы | 0,47 | 0,18 | -0,29 | 38,2 |
11 | Өткізілген өнімнің табыстылығы | 2,9 | 3,5 | 0,6 | 120,6 |
12 | Өткізу көлемінің табыстылығы | 2,8 | 3,3 | 0,5 | 117,8 |
13 | Негізгі қызметтің табыстылығы | 0,18 | 0,11 | -0,07 | 61,1 |
14 | Меншіктік капиталдың табыстылығы | 0,86 | 0,31 | -0,55 | 36,0 |
“УАТ” сабын-парашок комбинатының жылдық есептемелері негізінде
Өткізілген өнім бойынша шығындардың өсуінен өткізілген өнімнің табыстылығы 5%-ға дейін төмендеген (2,5 есеге), сондай-ақ сату көлемінің табыстылығы 4%-ға, өйткені өзіндік құнның өсуі өнімді өткізуден түскен табыстың 23%-ға өсуі кезінде жалпы табыстың тек 10%-ға көбеюіне алып келді. Сонымен қатар негізгі қызметтің табыстылығы 18-ден 11%-ға (1,6 есе), меншіктік капиталдың табыстылығы 55%-ға (3 есе) төмендегенін көруге болады. Осылайша УАТ» сабын- парашок комбинатының қаржылық жағдайының төмендеуі туралы қорытынды жасауға болады, оны кәсіпорынның табыстылық, қаржылық тұрақтылық, өтімділік және іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің талдауы растайды, мұның барлығы өнімді шығару және өткізу бойынша шығындардың көбеюімен, міндеттемелердің өсуімен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі.
ІІІ. Кәсіпорынның еңбек өнімділігін талдау
Қазақстан экономикасының 90-жылдардың басында құлдырауы және мемлекеттік шығындардың жыл сайын азаюы маркетингтік процестерге қызығушылықты төмендетті.
Өндірістік кәсіпорындардың бәсекелестік жағдайында өмір сүру үшін үздіксіз диверсификация және өнімді жаңартып отыру қажет. Техникалық құрылғыларды, заттарды және технологиялық процестерді жетілдіру және жаңаларын енгізу техникалық шешімдерге негізделеді. Өз кезегінде олар ғылыми, өнертапқыштық және инженерлік идеялар негізінде жасалады. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды, жақсартуды іздестіру міндетін қояды.
Осылайша, инновациялық белсенділік, ол кәсіпорынның экономикалық бәсекеқабілеттілік индикаторларының бірі. Бұл белсенділік сөнген кезде кәсіпорын сыртқы және ішкі нарықтардағы позициясын жоғалтады, инвестициялық, технологиялық және экономикалық дағдарыс орын алады.
Кәсіпорында технико-экономикалық талдау жүргізгенде өнімнің өзіндік құнымен байланысты немесе көрсеткіш ол өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар пайдаланылады. Осы көрсеткішке үш фактор әсер етеді. Олар:
- Шығындар өнімінің 1теңгесіне кеткен шығындар немесе шығын өнімдерінің көлемінің құрылымы;
- Шығарылған өнімнің бағалары;
- Жалпы шығарылған өнім көлемінің өзіндік құны.
80-жылдары басқарудың кеңестік әкімшілік-әміршілік жүйесі орталықтанған жоспарлау арқылы өндіріс пен өнім ассортиментін жаңарта отырып және мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен инновацияларды жүзеге асыра отырып, халық шаруашылығының және өмір деңгейінің өсіп отыруын қамтамасыз ете алмады. Нәтижесінде нарықтық экономикаға өту кезінде инновациялық дағдарыс орнады.
Дағдарыстан шығу жолдарының бірі инновацияларды ынталандыру болып табылады. Ол үшін стратегияларды құру өте маңызды. Инновацияларды енгізуде және ғылыми сыйымды өнімді экспорттауда ірі табыстарға жеткен шетел компанияларының қызметін талдау инновациялық дамудың кейбір стратегия түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанға біздің интеллектуалдық потенциал мен ғылыми-техникалық ресурстарға сүйенетін стратегияны таңдау қажет. ҚР-ның статистика агенттігі бойынша жүргізген ғылыми-техникалық өнімдер нарығын талдаудың мәліметтері бойынша зерттеуге қатысқан 2146 кәсіп-орынның ішінде 75,5%-ы кәсіпорынның техникалық базасын модернизациялау бойынша жеке ғылыми жұмыстар жүргізуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ, өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 64,8%, құрылыста 77,9%,көлік және байланыста 62,4%, ауыл шаруашылығында 87,8%. Төмен инновациялық белсенділік себептерінің ішінде қаржының жоқтығы (52,6%), тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі (41,7%), жоғары несие ставкалары (21,1%), және өнімге деген сұраныстың жоқтығы (10,5%).
Бәсекеге қабілетті өнім өндіру және ішкі, сыртқы нарықтарда өткізу үшін бірлескен кәсіпорындар құруға болады. Бұл кәсіпорындар өндірістік потенциалды қолдануға, жұмысбастылықты қамтамасыз етуге және өзіндік инновациялық жобаларды дамытуға көмектеседі. Ғылыми лабораториялармен, ғылыми-зерттеу секторлармен, эксперименталдық орындармен қазақстандық кәсіпорындардың 8,6%-ы ғана байланыс жасайды. Бұл көрсеткіш шетел мемлекеттерінің меншігіндегі кәсіпорындарда 29,6%-ды құрайды./7/
Қазіргі уақытта «УАТ» сабын-парашок комбинатының сабын, парашок өнімдерінің барлық түрлерін, жууғыш өнімдерді өндіреді: сабынның түрлі сорттары, кір жуғыш парашок, тіс пастасы, әр түрлі ыдыс жуғыш заттар, жұпар иісті желдеткіштер және тағы басқалар. Сондай-ақ комбинатта түрлі қоспалары мен толтырғыштары бар бұйымдар өндіріледі.
Комбинат өнімі орнатылған тіртіптерге сәйкес сертификатталған, оған келесідей сәйкестік сертификаттары берілген:
- НКК.646006.01.01.01570-бидай ұнынан жасалған, қара бидай мен бидай ұндарынан аралас жасалған, кебек қосылған нан өнімдеріне;
- НКК. 646006.01.01.01572-бөлішке және ашытылған өнімдерге;
- НКК. 646006.01.01.01573-тоқаш өнімдері мен сабақшаларға;
- НКК. 646006.01.01.01571-ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерге;
- НКК. 646006.01.01.01797-“Жаз” сусыны үшін құрғақ жартылай фабрикатқа.
«УАТ» сабын парашок комбинатында тәулігіне 120 түрлі 85-90 тонна бұйым өндіріледі. «УАТ» сабын-парашрк комбинатының 2006 жылғы өткізу көлемі 764329,2 мың теңге.
Алматы қаласының барлық сабын зауыттары бойынша орташа тәуліктік сабын өндірілуі шамамен 128,7 тонна. Орташа тәуліктік тұтынылу: 320-380 тонна.
Сәйкесінше, сұранысты қамтамасыз етуде сабын зауыттарының үлесі (128,7 тонна тәулігіне*100/350 тәулігіне)-36,7%, соның ішінде “Визит” АҚ-ның үлесі (62 тонна тәулігіне*100/350)-17,7%.
Жаңа өндірістік корпусты салумен байланысты ең алғашқы реконструкция 1992 жылы жүргізілген. Сонымен қатар осы жылдары әкімшілік-тұрмыстық корпус тұрғызылған. 1994-1996 жылдары құрал-жабдықтардың модернизациясы жүргізілді (құрал-жабдықтардың 25%-ы ауыстырылды).
1997 жылы мемлекеттік кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды. Соңғы бірнеше жыл ішінде құрал-жабдықтарды өзгерту және жаңаларын енгізу жұмыстары жүргізілді:
- порошок цехындағы бір технологиялық линия өрме өндіруге қайта жабдықталды;
- Фиониксионал тыңайтқыштарынан жасалатын сапасы жоғары парашок өндіру бойынша линия электр жылытқыштары бар пештермен жабдықталды;
- бөлшек бұйымдарын шығару үшін Түркияның “Экмасан” технологиялық линиясы орнатылған;
- жууғыш бұйымдар цех жууғыш бұйымдарды өндіру бойынша 1993 жылғы, өнімділігі 250 кг/ауысым екі “Эклер” технологиялық линияларымен жабдықталды;
- газсақтағыш пен дизелдік электростанция орнатылды, олар комбинатқа төтенше жағдайлар кезінде 10 тәулік автоматты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік;
- өнімді полипропилендік қораптарға қораптау үшін 3 жаңа агрегаттар орнатылды;
- құрал-жабдықтардың 30 бірлігі реконструкциядан өткізілді, ол цехтар жұмысының ритмділігін қамтамасыз етуге, технологиялық процестердің қажет параметрлерін сақтауға, жетілдірілген технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету бизнесінің алдыңғы қатарлы қолайлы түрі болып сату аясында маркетингтік зерттеулер мен айналысатын маркетинг бөлімі табылады. Бөлім потенциалды сатып алушыларды “Визит” АҚ-ның мүмкіндіктерімен және өнімдерімен таныстырады және сол арқылы жаңа тұтынушыларды тартады және нарықты кеңейтеді. Сонымен қатар бөлім потенциалды сатып алушылар мен тұтынушылардың, шикізатты жабдықтаушылардың мәліметтер базасын жасаумен және үнемі толықтырып отырумен айналысады. Маркетинг бөлімі дүкендердің, ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргізеді; өнімнің жарнамасымен айналысады; сатып алушылармен келісімшарттар жасайды, олардың тіркелуі мен есебін жүргізеді. Сондай-ақ бөлім бәсекелестерді, олардың бағалық саясатын, бағаның салыстырмалы талдауын, сату көлемін, жарнаманы, өткізуді ынталандыру әдістерін, кәсіпорынның тактикасы мен стратегиясын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді; негізгі және потенциалды бәсекелестердің мәліметтер базасын жасайды; нарықта тауардың бәсекеқабілеттілігін көтеру бойынша әдістер мен шараларды ұсынады.
Өндіріс көлемін көбейту және ассортиментті кеңейту мақсатында қосымша “Вернер и Пфляйдерер” фирмасының құрал-жабдығы сатып алынды .
Тауар – бүкіл маркетингтік қызметтің орталығы, егер ол тұтынушылардың қалауларын қанағаттандыра алмаса, онда оны өткізу бойынша ешқандай да іс- әрекеттер оңтайлы коммерциялық нәтижелерге алып келмейді. Парашок-сабын өнімдері қысқа мерзімді күнделікті сұраныс тауарларына жатады. Олар “абсолютті” физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын болғандықтан, тұтынушы оны жиі, ойланбай және оларды өзара салыстыруға көп көңіл бөлмей сатып алады. Оларға деген сұраныс икемсіз. Халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, сабын- парашок өнімдеріне бағаның өсуіне қарамастан, оларды тұтынудың өсуімен сипатталуы парадоксалды болғанымен, шындық. 2000 жылы Алматы қаласындағы сабын өнімдері тұтынушылық нарығының жағдайы мен дамуы зерттелген.
Сабын және парашок бұйымдарын сатып алу орнын таңдауын тұтынушылар негізінен (65%) сатушы кәсіпорындарының тұрғын жерге немесе жұмыс орнына жақындығымен түсіндіріледі. Маңыздылығы жағынан екінші фактор (32%) сабын және парашок бұйымдарының сапасы мен ассортименті және тұтыну орнын таңдаудың 4-6% баға деңгейімен байланысты. Тұтынушылардың бір бөлігіне 16-20% сабын және парашок бұйымдарын қай жерде сатып алғаны маңызсыз. Жалпы алғанда бүгінгі таңда сабын және парашок бұйымдарын сатып алудың келесідей “географиясы” қалыптасты: тұтынушылардың 44,0%-дүңгіршектерден, 40,0%-әмбебап және парфюмерлік дүкендерінен және 16%-ғана маманданған тұрмыстық заттар дүкендерінен сатып алады, ол осындай дүкендер санының аздығына байланысты болып отыр.
Сабын және парашок бұйымдарын сатып алу жиілігін талдай отырып, айта кететін жайт, жауап алынған тұтынушылардың көпшілігі сабын және парашок бұйымдарын күнделікті сатып алады (56%),31% екі күнде бір рет және 8%-үш күнде бір рет және сиректеу. Бүгінгі күні өндірушілердің ұсынатын сабын және парашок бұйымдарының салмағы тұтынушылардың 50%-ын ғана қанағаттандырады, 30%-ы үшін салмақ маңызсыз, ал 20%-ын ол қанағаттандырмайды. Осыған байланысты сабын өндірушілеріне, тұтынушылардың қалауларына сәйкес, сабынның оптималды салмағын таңдауға көңіл бөлу қажет.
Жууғыш бұйымдар тұтынушылардың қалауының негізгі себептері: 42% оның емдік сипатынан, 14% сақтау мерзімінің ұзақтығынан, бірақ 11%-ы оның қасиеттерін біле тұра, бағасының жоғары болуынан сатып алмайды. Жууғыш бұйымдар арзан сортын жауап алынған тұтынушылардың 12%-ы сатып алады, олардың 4% үнемі және 8%-жиі. Тұтынушылардың көпшілігі 40% Жууғыш бұйымдар арзан сортын сирек тұтынады. Жууғыш бұйымдар арзан сортын әртүрлі сорттарына тұтынушылардың қалауларын зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, бұл тауарға сұраныс әлі қалыптасуда, ал ол арнаулы зерттеулерді және өткізуді ынталандыру бойынша мақсатты бағытталған шараларды талап етеді. Алматылықтардың парашок бұйымдарына (автоматты парашок, жәй парашок және т.б.) сұранысы да әртүрлі, көп тұтынылатыны автоматты парашок 63%-ы мен тоқаштар (ТБ-ын тұтынатындарының 54%). Кондиционерлер сұраныс азырақ және қала бойынша 33%-ды құрайды.
Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру мақсатымен жарнамаға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бірақ бүгінігі таңда парашок өнімдерінің жарнамасымен Алматылық сауда желісі жеткіліксіз айналысады. Бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындардың көпшілігі 59% нан және парашок бұйымдарының жарнамасымен мүлдем айналыспайды, 24%-ы сирек және 17 %-ы жарнамалық шараларды үнемі жасап отырады (негізінен маманданған дүкендер). Сауда жұмыскерлерінің көпшілігі, сабын үнемі сұранысқа ие бірінші кезекті өнім болғандықтан, жарнаманы қажет етпейді деп санайды. Бұл дұрыс емес, өйткені тұтыну нарығында үнемі жаңа сабын және парашок түрлерін шығарылуда және өнімнің дәстүрлі түрлері қайта өндірілуде. Бұл сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру бойынша жарнамаларды жүргізуді талап етеді.
Сабын-парашок өнімдері қысқа мерзімді күнделікті сұраныс тауарларына жатады. Олар “абсолютті” физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын болғандықтан, тұтынушы оны жиі, ойланбай және оларды өзара салыстыруға көп көңіл бөлмей сатып алады. Оларға деген сұраныс икемсіз. Халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, парашок өнімдеріне бағаның өсуіне қарамастан, оларды тұтынудың өсуімен сипатталуы парадоксалды болғанымен, шындық.
2006 жылы Алматы қаласындағы Сабын өнімдері мен химиялық заттардың тұтынушылық нарығының жағдайы мен дамуы зерттелген.
Сабын-парашок бұйымдары нарығын зерттеу келесілерді қамтиды: жергілікті тауар өндірушілердің Сабын-парашок бұйымдарын өндіру жағдайларын зерттеу; осы аймақтық тұтыну нарығындағы бәсекелестікті зерттеу; Сабын өнімдерін бөлшектеп сатудың жағдайы мен даму тенденциясын бағалау; тұтынушылардың қалауларын анықтау және олардың Сабын-парашок бұйымдарына ағымдағы сұранысын бағалау.
Сабын-парашок бұйымдары тұтыну нарығының қанығу проблемасы түрлі позициялардан қарастырылған, бірақ негізгі көңіл сабын-парашок бұйымдарының соңғы тұтынушы-сатып алушылардың қалаулары көз қарастарын білу үшін Алматы қаласы дүкендерінің сатып алушыларынан сұрақ-жауап алынды. Тұтынушылардың көпшілігі сабын нарығының жеткілікті 54% және жоғары 13% деп бағалай%ды. Парашок бұйымдары нарығында жағдай нашарлау: жеткілікті және жоғары бағалаулардың үлесі 56% құрайды, ол сабын нарығына қарағанда 11%-ға төмен.
9-кесте - Алматы қаласының Сабын-парашок нарығының қанығуын тұтынушылардың бағалауы (%-бен)
Сабын | Тұтынушылардың бағалау | Тоқаш бұйымдары |
13,0 | Жоғары | 13,0 |
54,0 | Жеткілікті | 43,0 |
24,0 | Қанағаттандырарлық | 29,0 |
7,0 | Төмен | 15,0 |
2,0 | Жауап бере алмайды |
Сабын-парашок бұйымдары ассортиментінің кеңдігін тұтынушы – лардың бағалауы олардың қанағаттанарлық дәрежесі туралы айтады: жауап берушілердің 62% ассортименті кең деп санайды, 17%-ы өте кең,17%-ы шектелген, 4%-ы тар. Сәйкесінше, Сабын-парашок бұйымдары нарығында жауап берушілердің 21%-ы оны кеңейту қажет деп санайды (9-кесте).
Қаладағы Сабын-парашок бұйымдары сатылу жағдайын бағалау нәтижесінде сатып алушылардың көпшілігі 55%-ы оның жақсарғанын айтады, 37%-ы жағдай өзгермеген десе, 8%-ы бұл тауарлардың сатылуының нашарлағанын айтады.
Сабын-парашок бұйымдарын сатып алу орнын таңдауын тұтынушылар негізінен (65%) сатушы кәсіпорындарының тұрғын жерге немесе жұмыс орнына жақындығымен түсіндіріледі. Маңыздылығы жағынан екінші фактор (32%) Сабын-парашок бұйымдарының сапасы мен ассортименті және тұтыну орнын таңдаудың 4-6% баға деңгейімен байланысты. Тұтынушылардың бір бөлігіне 16-20% Сабын-парашок бұйымдарын қай жерде сатып алғаны маңызсыз. Жалпы алғанда бүгінгі Сабын-парашок бұйымдарын сатып алудың келесідей “географиясы” қалыптасты: тұтынушылардың 44,0% дүңгіршектерден, 40,0%-әмбебап және пафюмерлік дүкендерінен және 16%-ғана маманданған дүкендерінен сатып алады, ол осындай дүкендер санының аздығына байланысты болып отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды, қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлайды.
Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: біз “УАТ” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің материалдарын қолдана отырып, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаймыз.
Талдау қорытындысы төмендегідей:
“УАТ” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің мүлік жағдайының құрамы 2004 жылдың басында 10980,70, 2004 жылдың соңында 13181 көрсеткіштеріне болды.
Кәсіпорынның тұрақтылығына келсек, меншікті капиталдың шоғырлану коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға өскен. Дегенмен, ол теориялық мөлшерден төмен, өйткені меншікті капиталдың үлесі 60 пайыздан жоғары болуы керек.
Төлеу қабілеттілігіне келетін болсақ, мұнда баланстың мүмкіндігін сипаттайтын теңсіздіктердің біреуі орындалмаған, яғни А1<П1, бұл кәсіпорынның ең жедел қарыздарының көтермеуін білдіреді. Себебі абсолютті өтімді ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді инвестициялар көрсеткіші:
2004 жылдың есеп беру кезеңінде А1=805,1, ал 2004 жылдың есеп беру кезеңінің соңында А1=2113 -ті құраған. Ал жедел міндеттемелер олардан жоғары: 2004 жылдың есеп беру кезеңінде П1=7565,8, ал 2005 жылдың есеп беру кезеңінің соңында П1=7307-ге тең болды. Дегенмен жалпы толтыру коэффициенті (ағымдағы өтімділік) келесідей:
2005жылдың есеп беру кезеңінде 1,41, ал 2005 жылдың есеп беру кезеңінің соңында 1,29 - ға тең болды, яғни коэффициент мәні төмендесе де, біз ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді толық өтей алатынын көреміз.
Іскерлік пен сенімділікті қарастырғанда, іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің ағымдағы негізгі қызметінің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайтынын айта кетеміз. Кәсіпорында капиталдың жалпы айналым коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда өскен. 2003 жылдың есеп беру кезеңінде 2,67, ал 2005 жылдың есеп беру кезеңінің соңында 4,74, яғни “УАТ” жауапкершілігі шектелген серіктестігі ресурстарды қолдануының тиімді екенін көреміз.
Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналым жылдамдығын талдағанда, 2004 жылы “УАТ” жауапкершілігі шектелген серіктестігі дебиторлық қарызын уақытында ала алмағандығынан, яғни ақшаның жоқтығына әкеліп, кредиторлық қарыздың айналым мерзімін өсіріп (ұлғайтып) жіберді. Нәтижесінде кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлап және тез уақыт ішінде банкрот деп санауымызға болушы еді. Бірақта 2004 жылы, есептік саясатын өзгертіп, “УАТ” жауапкершілігі шектелген серіктестік дебиторлық және кредиторлық қарыздарының айналым мерзімін қысқартып пайда болған тенденциясын тоқтатты. Кәсіпорын басқарушыларының таңдап алған есептік саясатын әрі қарай дамыта беру керек деп ойлаймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024