Алматы. 13 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-шілдеcінде әуе компаниялардың жолаушылар тасымалы бойынша кірістері 12,3 пайызға артып, 215,7 млрд теңгені құрады.
Сонымен бірге, жолаушылар тасымалы 21,8 пайызға (5,5 млн адамға), жолаушылар айналымы 29,7 пайызға артты.
Бұдан бөлек, тауарлар мен жүктерді тасымалдаудан түсетін кіріс 20,3 пайызға (4,3 млрд теңге) өсті. 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде әуе компаниялар 15,7 мың тонна жүктер мен тауарлар тасымалданған.
Ресми мәліметтер бойынша, ірі көлемде салық төлушілер «Эйр Астана», «Euro-Asia Air» және «Qazaq Air» әуе компаниялары болып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024