Сыртқы орта дегеніміз - ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.
Сыртқы орта сипаттамалары: Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б. Сыртқы ортаның қозғалмалылығы; Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі; Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы. Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде:
жабдықтаушылар; материалдар, капитал, еңбек ресурстары; тұтынушылар; бәсекелестер қарастырылады. Тура әсер ететін факторлар деп - ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.
Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттепотыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар:
саяси жағдай; табиғаттық; экологиялық; әлеуметтік; мәдени; ғылыми-техникалық факторлар болып табылады. Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз – ішкі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторларды ұйымның ішкі айнымалылары деп те атайды. Оған жататындар:
. Ол кез-келген ұйымның қажетті және жеткілікті нәтижесі болып табылады. Ұйымдардың көздеген мақсаттары көп болғандықтан, «әр түрлі бағыттағы мақсаттар теориясын» қолданады. Ұйым мақсатының келесідей сипаттамалары бар: Уақыт факторының негізделуі; Қойылатын мақсаттың нақты болып келуі; Мақсаттың қол жетімді болып келуі. Ұйым құрылымы. Ол басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімшелердің логикалық қарым-қатынастарының өзара бірлігі. Ұйымның құрылымы оның көздеген стратегиясына байланысты болып келеді және 2 концепцияға негізделіп жасалынады. Мамандандырылған еңбек бөлінісі. Ол белгілі бір маман иелеріне орындайтын тапсырмаларды бөліп беру. Бақылау сферасы. Ол көп бағынушы адамдардың бір басқарушыға бағынуынан пайда болады. Ұйым міндеті. Ол алдын-ала қарастырылып, белгіленген уақыт ішінде орындалуға тиісті жұмыстың көлемі ұйым міндетінің 3 категориясы бар: Адамдармен жұмыс жасау Өндіріс заттарымен жұмыс жасау Мәліметтермен жұмыс жасау Технология. Ішкі ортаның жағдайлық факторы ретінде шикізатты өндеу құралы болып табылады.
Дүниежүзілік тәжірибеде кең көлемде пайдаланылатын технологияның 2 үлкен жүйесі бар. Технологияны жіктеудің Вудворд жүйесі. Бұл жүйе өз алдына 3 категорияны қамтиды: Аз сериялы немесе жеке өндіріс Жалпылама немесе көп сериялы өндіріс Үзіліссіз өндіріс Технологияны жіктеудің Томпсон жүйесі. Бұл жүйе де өз алдына 3 категориядан тұрады: Көп бөлімді технология Делдалды технология Интенсивті технология Адамдар және еңбек ресурстары. Бұл фактор кез-келген технологияның іске жарамдылығын тексереді.
Басқарудың жағдайлық тәсілінде адам факторының 3 аспектісіне ерекше көңіл бөлінген: Жеке адамның тәртібі Топ ішіндегі адамның тәртібі Басқарушының мінез-құлық тәртібі және оның басқа топ мүшелеріне әсері.