Украина президенті Петр Порошенко Украинаға көрсетілетін халықаралық қаржылай көмектің жалпы соммасы $40 млрд болатындығын мәлімдеді.
"Дүниежүзілік банктің, халықаралық қаржы институттарының, АҚШ, ЕО, Канада, Австралия, Жапония, Швейцария, Түркия көмегін ескергенде, ХВҚ қаражатын қоса алғандағы жалпы сомма 40 млрд долларды қамтиды", - деді П.Порошенко Киевте Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен болған келіссөздер қорытындысында.
Ол жақында ғана ХВҚ Украинаға $17,5 млрд көлеміндегі қаржылай көмек көрсетудің жаңа бағдарламасын бекіткендігін айта кетті .
"Біз реформалардың бірінші кезеңін өткіздік, заңнамаға қатысты шешімерді қабылдадық, олар ХВҚ-мен арадағы меморандумның имплементациясын қамтамасыз етеді. Айта кеткім келеді, ХВҚ-мен болған күрделі келіссөздер нәтижесінде біз қамтамасыз етудің негізгі позицияларын, атап айтқанда әлеуметтік қорғау, ең кедей халық топтарының әлеуметтік жағдайын нашарлартпау секілді позицияларды ұстап қала алдық", - деді Украина президенті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024