Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинада жұмыссыздар саны 1,5 миллионнан асты

Украинада жұмыссыздар саны 1,5 миллионнан асты

Украинада жұмыссыздар саны артуда. Елде 1,5 миллионнан астам адам жұмыссыз жүр. Бұл – ресми статистика, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың сөзінше, жұмыс  іздегендердің саны бұдан да көп. Бүгінде еңбек жасындағы жастардың шамамен 30%-ы жұмыссыз жүр. Ал жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы 2 млрд гривнаға жуықтаған.

Еңбек нарығындағы мұндай жағдай украиналықтарды елден көшуге мәжбүрлеуде. Элеуметтік саясат сұрақтары бойынша сарапшы Андрей Павловскийдің айтуынша, табыс көзін іздеген 1 млн 700 мың азамат шетел асқан.

"Аймақтарда еңбек нарығындағы жағдай нашар . Сондықтан батыс өңірлердегі жастар жұмыс іздеп шетелге барып жатыр. Көпшілігі Польша немесе Еуроодақ мемлекеттеріне кетуде. Салдарынан елімізде білікті мамандар жетіспейді. Мәселен, қазіргі таңда дәрігерлер тапшы", - дейді ол.

Фото: newskaz.ru

Похожие материалы