Экономика
Украинаның экономика министрлігі Ресей тауарларына баж салығын енгізуді ұсынды
Украинаның экономика министрлігі Ресей тауарларына ипорттық баж салығын енгізуді және кейбір тауарларға шектеу қоюды ұсынды. Бұл туралы министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап, ВВС агенттігі хабарлайды.
Сайтта хабарланғандай, шектеу қойылатын тауарлардың тізімінде ет, балық, жарма, бидай, нан өнімдері, алкоголь, сыра, кондитер өнімдері бар.
Аталған тауарларға шектеу қоюды Украина 2016 жылдың 10 қаңтарынан бастап енгізбек. Ал импорттық баж салығы 2 қаңтарда енгізіледі.
Министрліктен хабарланғандай, бұл қадамдар Ресейдің Киевке қарсы сауда эмбаргосын енгізуіне байланысты Украинаның экономикалық және қауіпсіздігін қорғау мақсатында жасалып отыр.
Фото: zn.ua





