Қазақстандағы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктың төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Ұлттық банктен түсіндіргендей, базалық мөлшерлеменің төмендеуі қауіптің азаюына, инфляция және қаржылық тұрақтылыққа, сондай-ақ, трендтердің оң бағытта қалыптасуынан байланысты болады. "Негізі назар инфляция көлеміне, банк салымшыларының қандай валюта таңдайтындықтарына және валюталық қауіптердің сақтандыру құнына аударылады", -деп түсіндірді. Осыған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі +/-1% болатын дәлізбен базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді. Ал өтімділікті ұсыну бойынша операциялардың мөлшерлемесі 16% , өтімділікті алу бойынша операциялардың мөлшерлемесі 14% құрады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланады.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





