Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

Қазақстандағы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктың төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. 

Ұлттық банктен түсіндіргендей, базалық мөлшерлеменің төмендеуі қауіптің азаюына, инфляция және қаржылық тұрақтылыққа, сондай-ақ, трендтердің оң бағытта қалыптасуынан байланысты болады. "Негізі назар инфляция көлеміне, банк салымшыларының қандай валюта таңдайтындықтарына және валюталық қауіптердің сақтандыру құнына аударылады", -деп түсіндірді. Осыған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі +/-1% болатын дәлізбен базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді. Ал өтімділікті ұсыну бойынша операциялардың мөлшерлемесі 16% , өтімділікті алу бойынша операциялардың мөлшерлемесі 14% құрады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланады.

Похожие материалы