Ұлттық Банк интервенциясының көлемі наурыз айымен салыстырғанда сәуірде төмендеп, 830,9 млн доллар құрады. 2016 жылғы 4 ай ішінде ішкі нарықтағы шетел валютасын нетто-сатып алу 2,5 млрд долларға жетті құрады, - деп хабарлады ҚР ҰБ-дағы телеарналарға арналған брифингте ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық Банк басшысының атап өтуінше, сәуірде теңгенің нығаюы 4,6%-ды, ал жылдың басынан бастап - 3,6%-ды құраған. Теңгені нығайтудың негізгі факторы ретінде Ақышев мұнайдың әлемдік бағасының жылдың басымен салыстырғанда 30%-ға артуымен түсіндіреді. ҚРҰБ Төрағасының деректері бойынша, 2016 жылғы ақпаннан бастап (соңғы 10 жылда алғаш рет) халықтың АҚШ долларын сату көлемі сатып алу көлемінен асады. Ақпан-наурызда АҚШ долларын нетто-сату 513 млн. АҚШ долларын құрады. 2016 жылғы ақпаннан бастап ұлттық валютамен депозиттердің өсуі байқалады. Наурыздың қорытындысы бойынша депозиттер құрылымында шетел валютасымен депозиттердің үлесі 63,4%-ға дейін, оның ішінде халықтікі – 74,9%, заңды тұлғалардікі – 55,1%-ға дейін төмендеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024