Ұлыбританияның қаржы министрі Джордж Осборн мемлекеттің ЕО-дан шыққан жағдайдағы экономикалық ахуалы қандай болатынын мәлімдейді.
Министр баяндамасының алдын ала жарияланған үзінділеріне сәйкес, Ұлыбритания ЕО-дан шықса экономиканың баяу өсуі салдарынан болған бюджет тапшылығын толтыруға тура келеді. Сондықтан мелмекет алдағы төрт жылда 30 млрд фунт стерлинг (42,8 млрд доллар) табуы қажет.
Осборн бюджет тапшылықтарының орнын салықтарды көтеру арқылы толтыруды көздейді. Базалық табыс салығы – 2% (22%-ға дейін), мұрагерлікке қалдыру салығы – 5%-ға (45%-ға дейін), алкоголь мен бензин акциздері 5%-ға артуы мүмкін.
Сонымен қатар, Джордж Осборн Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шықса, мемлекеттің денсаулық сақтау, қорғаныс, білім беру, полиция және транспортқа кететін шығындары азаятынын айтады.
23 маусым күні Ұлыбританияда Еуропалық Одақтан шығу туралы референдум өтеді. Егер одақтан шығу туралы шешім қабылданса, Еуроодақ бюджетіне жыл сайын төленетін 8 млрд фунт стерлинг мемлекеттің өзінде қалады. Еуроодақтан шығуды қолдайтын азаматтар бұл қаржы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=99KnTKeGGsE&feature=youtu.beПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024