Ресей президенті Владимир Путин Қытайға "шығыс" маршрут бойынша газ жеткізу бойынша келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Лента.ру.
Ресей мен ҚХР арасындағы келісімге 2014 жылы қол қойылды. 30 жылға есептелген келісім-шарт жыл сайын 38 млрд шаршы метр газ жеткізуді көздейді. Жалпы құны - 400 млрд доллар. Наурыз айында "Сібір қуаты" құбыры арқылы газ жеткізу бойынша келісімге ресей үкіметі рұқсат берген еді.
Келісім-шарт Ресей мен Қытай арасында ұлттық валютаның қолдануын қарастарады. Сондай-ақ, олар өздерінің құқықтық органдарына қажетті салықтық шарттар құруды және "Газпром" мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) арасындағы серіктестікті кеңейтуге міндеттелді.
"Сібір қуаты" газ құбырының құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталды. 2015 жылдың сәуірінде "Газпром" басшысы Алексей Миллер құрылыс 6 жылдан аспайды деп мәлімдеді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024