Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В.Путин Қытайға газ жеткізу туралы келісімді ратификациялады

В.Путин Қытайға газ жеткізу туралы келісімді ратификациялады

Ресей президенті Владимир Путин Қытайға "шығыс" маршрут бойынша газ жеткізу бойынша келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Лента.ру.

Ресей мен ҚХР арасындағы келісімге 2014 жылы қол қойылды. 30 жылға есептелген келісім-шарт жыл сайын 38 млрд шаршы метр газ жеткізуді көздейді. Жалпы құны - 400 млрд доллар. Наурыз айында "Сібір қуаты" құбыры арқылы газ жеткізу бойынша келісімге ресей үкіметі рұқсат берген еді.

Келісім-шарт Ресей мен Қытай арасында ұлттық валютаның қолдануын қарастарады. Сондай-ақ, олар өздерінің құқықтық органдарына қажетті салықтық шарттар құруды және "Газпром" мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) арасындағы серіктестікті кеңейтуге міндеттелді.

"Сібір қуаты" газ құбырының құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталды. 2015 жылдың сәуірінде "Газпром" басшысы Алексей Миллер құрылыс 6 жылдан аспайды деп мәлімдеді.

 

Похожие материалы