
Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Ұлттық валютаның қазіргі айырбастау бағамы шетел валютасының сұранысы мен ұсынысының теңгерімін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта ішкі валюта нарығындағы ахуал – тұрақты, құбылмалылық – қалыпты. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.
Д. Ақышев бағамның күнделікті құбылмалылығы – еркін өзгермелі валютаның ажырамас бөлігі екендігін атап өтті.
«Экономиканың өсу қарқыны жоғары болып қалуда, төлем балансының жай-күйі жақсаруда, инфляция нысаналы дәліз шегінде. Ұлттық валютаның айырбастау бағамы жете бағаланбай, АҚШ долларына қатысты нығаюдың объективті алғышарттарын сақтап отыр деп санаймыз»,- деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025