Вена. 13 ақпан. 7kun.kz - Аустрия астанасында әлемдегі алғашқы биткоин-банкін ашты. Бұл туралы rb.ru сайты жазды.
Басылымның жазуынша, банк клиенттері қолма-қол ақшаларын (тек еуро) биткоиндерге алмастырып, цифрлық валюта туралы ақпарат ала алады.
Алғашқы биткоин-банкті жергілікті BitTrust блокчейн-стартапы жасап шыққан. BitTrust-тың басқарушы директоры Магдалена Исбраднт цифрлық валютаның артықшылықтарын "бұл валюта арқылы келіссөз жылдам әрі делдалсыз болады" деп түсіндірді.
Биткоиндерді алу үшін қолданушы криптовалюта жинақталатын виртуалды пошта секілді 27-34 символдан тұратын арнаулы мекен-жайы болу керек. Биткоин-мекенжай ешқайда тіркелмегендіктен, барлық ақша аударымдарының процесі анонимді болады.
Басылымның хабарлауынша, биткоин банкомат Венада осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Ал қазір елде жиырмадан астам ұйым төлемді вирталды валютада қабылдайды.
Биткоин валютасы туралы мына жақтан оқи аласыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024