Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Венада әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылды

Венада әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылды

Вена. 13 ақпан. 7kun.kz - Аустрия астанасында әлемдегі алғашқы биткоин-банкін ашты. Бұл туралы rb.ru сайты жазды.

Басылымның жазуынша, банк клиенттері қолма-қол ақшаларын (тек еуро) биткоиндерге алмастырып, цифрлық валюта туралы ақпарат ала алады.
Алғашқы биткоин-банкті жергілікті BitTrust блокчейн-стартапы жасап шыққан. BitTrust-тың басқарушы директоры Магдалена Исбраднт цифрлық валютаның артықшылықтарын "бұл валюта арқылы келіссөз жылдам әрі делдалсыз болады" деп түсіндірді.
Биткоиндерді алу үшін қолданушы криптовалюта жинақталатын виртуалды пошта секілді 27-34 символдан тұратын арнаулы мекен-жайы болу керек.  Биткоин-мекенжай ешқайда тіркелмегендіктен, барлық ақша аударымдарының процесі анонимді болады.
Басылымның хабарлауынша, биткоин банкомат Венада осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Ал қазір елде жиырмадан астам ұйым төлемді вирталды валютада қабылдайды.
Биткоин валютасы туралы мына жақтан оқи аласыз.

Похожие материалы