Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Видеобақылаудың арқасында 100 мыңға жуық қылмыс әшкере болды

Видеобақылаудың арқасында 100 мыңға жуық қылмыс әшкере болды

Қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылаудың арқасында 190 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, бір мың үш жүзге жуығы әшкереленді. Полицейлер «Қауіпсіз аула» жобасының (Қазақстан бойынша 8 мың тұрғын үйді қамтиды) аясында  350 қылмысты әшкерелеп, 8 мың құқықбұзушылық анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі (ІІМ)  мемлекеттік тіл мен ақпарат департамент директорының орынбасары Олег Иващенко мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстан бойынша Жедел басқару ортылығының жүйесінде жұмыс істейтін 3900 видеокамера орнатылған. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 19 мың камера орнатылған, және бұл, ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымовтың айтуынша, тым аз. Министрлік камера санын арттыруды жоспарлап отырғанын айтады.

Айта кетейік, Ақтөбедегі терактілерден соң  ІІМ министрі қоғамдық орындардағы видеобақылаудың пайдасы туралы айтқан болатын. Ол кезде камералар, министрдің айтуынша, күдіктілерді ұстауға көмектескен. «Ақтөбеде не болғанын бәріміз білеміз. Видеокамералар арқылы барлығын бақылап отыруға болады, сондықтан оның санын арттыруымыз керек», - деді Құлмұханбет Қасымов.

Похожие материалы