Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВКонтакте Youtube-ке бәсекелес видеоқызметін ұсынбақ

ВКонтакте Youtube-ке бәсекелес видеоқызметін ұсынбақ

Бүгін «РИФ+КИБ 2015» конференциясында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің тұтынушылық қызмет бөлімінің басшысы Александр Круглов жақын күндері "Вконтактеде" Youtube видеосервисінің толықтай баламасы шығарылатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Roem.ru хабарлайды.

«Біз қолданушыларымыз жөнінде көптеген ақпараттарды білеміз. Мәселен, оның қандай видео қарайтынын, қандай видео жүктейтінін, достарының видеолары жайында біліп отырамыз. Жалпы, оның қызығушылығынан хабардармыз. Осыған байланысты, "ВКонтакте" жаңа платформаны іске қоспақ. Ол жерде ұнауы мүмкін деп ұсынылатын бейнеконтенттер тартылатын болады», – дейді Круглов. Жазылу тегін жүргізіледі. Қаржы кірістірілген видео жарнамадан түсіп отырады. "Ұсынылатын видеолар" бөлімінде видеоны ақша беру арқылы шығару мүмкін емес. Себебі, ол жерде қолданушының қызығушылығына сәйкес видеолар ғана көрініс табады. Бөлім басшысының айтуынша, жаңа видеоқызмет Youtube желісіне ғана қарсылас болып қоймай, телевизиялық көрсетілімнің де баламасына айналады. Себебі, қолданушылар сүйікті сериалдарын телеканал бекіткен кезде емес, өздеріне ыңғайлы кезде көруге мүмкіндік алады.

Похожие материалы