Германиялық Volkswagen AG (VW) 2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша, көліктер жеткізілімі жөнінен жапондық Toyota Motor Corp. компаниясын басып озып, әлемдік автонарықта көшбасшы атанды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Toyota-ның хабарлауынша, зауыт соңғы жартыжылдықта 5,02 млн көлік сатқан. Ал немістік компания еуропалық нарықты қайта қалпына келтіріп, 5,04 млн машина саудалаған. 2014 жылы Toyota сатылымын 3 пайызға немесе 10,23 млн-ға дейін көбейтіп, әлемдік көшбасшылығын сақтап қалған еді. VW өткен жылы 10,14 млн автомобиль сатып, екінші орынды иеленеді. Үшінші орындағы американдық General Motors Corp. автозауытының көрсеткіштері 9,2 млн көлікті құрады. Айта кетейік, осыған дейін Volkswagen бірнеше рет әлемдік деңгейде бірінші орынға шығу туралы ниетін білдірген еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024