Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Volkswagen шығындарын қысқартады

Volkswagen шығындарын қысқартады

Еуропаның ірі авто өндіруші компания Volkswagen AG брендінің рентабельдігін жоғарылату мақсатында шығындарын қысқартпақ деп хабарлайды MarketWatch.

Компанияның бас атқарушы директоры Мартин Винтеркорн автомобиль секторы осы жылы дүниежүзілік экономикадағы проблемалардың салдарын сезінетіндігін ескертті.

"Біз саламыз соқтығысатын көптеген халықаралық саяси және макроэкономикалық проблемаларды елемей отыра алмаймыз. Ресей мен Оңтүстік Америкадағы немесе жүк автокөліктерінің нарықтарын мысалға келтіруге болады", - деп мәлімдеді М.Винтеркорн.

2014 жылы Volkswagen брендінің жеңіл автокөліктерін шығаратын компания бөлімшесінің операциялық пайдасының маржасы алдындағы жылы 2,9%-дан 2,5% дейін төмендеді. Өткен жылғы түсім жоғары болмады - 99,4 млрд евродан 99,8 млрд евроға дейін.

2017 жылға таман авто өндіруші Volkswagen бөлімшесінің шығындарын 5 млрд-қа қысқартпақ деп мәлімдеді М.Винтеркорн. 2015 жылы компания шамамен $1 млрд шығынын азайтады.

Похожие материалы