Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

World Press Photo 2016 байқауының жеңімпаздары

World Press Photo 2016 байқауының жеңімпаздары

Жыл сайын өтетін Word Press Photo байқауы 2015 жылдың ең үздік суретін анықтады. WPP-ның басты сыйлығы дәстүрлі түрде жылдың ең өзекті оқиғасын немесе мәселесін бейнелей алған фотографқа ұсынылады. Сондай-ақ өзге бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар да анықталды. 7kun.kz байқауда ұсынылған суреттерді назарларыңызға ұсынады. 

На фото беженец с сыном на венгерско-сербской границеЖыл суреті - "Жаңа өмірге деген үміт" (Hope fow a new life) деп аталады. Бұл суреттің авторы: Уоррен Ричардсон(Австралия). Суретте босқын сәбиді қоршау арқылы өткізу сәті бейнеленген. 28 тамыз 2015 жыл.

На фото 16-летний боец Исламского государство в одной из больниц в Курдистане

"Жалпы жаңалықтар" санатындағы бірінші орынға ие болған сурет. "Суретте 16 жастағы "ИГИЛ" сарбазы Күрдістан мемлекетінің ауруханасында ем қабылдауда". Сурет авторы: Маурисио Лима (Бразилия) 2015 жыл.

Corentin-Fohlen

"Шұғыл хабарлама" санатындағы екінші орын алған сурет. Париж қаласының Иль-де-Франс ауданында орын алған 5 лаңкестік оқиғадан кейінгі қарсылық акциясы суреттелген. Сурет авторы: Корентен Фолен (Франция). Қарсылық акциясы 2015 жылдың 11 қаңтарын да Парижде өтті.

Niclas-Hammarstr-m

"Шұғыл хабарлама" санатындағы үшінші орын. Жергілікті бұзақы топтар арасындағы қақтығыстан қаза тапқан ер адам. Сурет 2015 жылдың 4 наурызын да Гондурас мемлекеті, Сан-Педро-Сула қаласында түсірілген. Сурет авторы: Никлас Хаммарстрём (Швеция).

Чешский горнолыжник Ондрей Банк на чемпионате мира в Бивер-Крик США"Спорт" санаты бойынша бірінші орын алған сурет. АҚШ тың Колорадо штаты Бивер-Крик қаласында өткен тау шаңғысы жарысынан чех шаңғышысы Ондржея Банктың құлау сәті бейнеленген. Сурет 2015 жылы 8 ақпанда түсірілген. Сурет авторы: Кристиан Вальграм (Австрия).

Adriane-Ohanesian«Өзекті мәселелер» санаты бойынша екінші орын. Суреттің тақырыбы : «Ұмыт қалған Судан таулары». Суретте Судан мемлекетінің Бургу аймағында тұратын 7 жасар Адам Абдель. 2015 жылы 27 қаңтарда үстіндегі күйік үйінің жанына құлаған бомбаның жарылуынан келген зардап. Бомбаны Судан әскерінің ұшқыштары тастаған. Сурет авторы: Эдриен Оганесян (США).

John-J.-Kim«Өзекті мәселелер» санаты бойынша үшінші орын алған сурет. Суретте Ламон Реккорд және полиция сержантының бір-біріне қарау сәті. Бұл сурет 17 жастағы Лакуан Макдональд есімді афроамерикан жігіттің полиция қолынан қаза тапқанын естіген Чикаго қаласының тұрғындарының наразылық акциясы кезінде түсірілген. Сурет авторы: Джон Дж Ким (АҚШ). 25 қараша 2015 жыл.

На фото угольная электростанция в китайской провинции Шаньси«Әр күн сайын» санатындағы бірінші орын иеленген сурет. «Қытайдың көмірге тәуелділігі». Суретте Шаньси провинциясында көмір электр станциясының алдында арба тартып бара жатқан қытайлықтар бейнелеген. Электр қуатын өндіру үшін Қытай елі көмір ресурсына тәуелді. Сурет авторы: Кевин Фрэйер(Канада).

Zohreh-Saberi«Әр күн сайын» санатындағы үшінші орынға ие болған сурет. Сурет тақырыбы «Жарыққа». Туылған кезінде зағип болған Рахеле терезе алдында күннің жылы шуағына жылынып тұрған сәті. Иран мемлекеті Мазендеран аймағындағы Бабол ауылында түсірілген сурет. Сурет авторы: Зохре Сабери (Иран). 2015 жыл 12 қараша.

На фото ребенок в ожидании регистрации«Адамдар» санатындағы бірінші орын алған сурет. Сурет атауы «Тіркелу үшін кезек». Прешев қаласындағы босқындарға арналған лагерге тіркелу үшін кезекте тұрған босқын қыз. Сурет авторы: Матич Зорман (Словения). 2015 жыл 7 қазан

Matjaz-Krivic«Адамдар» санатындағы үшінші орын. Сурет тақырыбы «Болашақ үшін». Шахтаға қайту үшін демалып тұрған шахтер. Бани қаласының шахтерлері денсаулықтарына зиян келтіретін, қауіпті шахталарда жұмыс істейді. Сурет Буркино-Фасо, Бани қаласында 2015 жылы 20 қараша күні түсірілген. Сурет авторы: Матьяс Кривич (Словения).

На фото грозовое облако надвигается на побережье«Табиғат» санатындағы бірінші орын алған сурет. Сурет атауы « Бонди-бичке келе жатқан дауыл». Суретте Сидней теңізінің үстінде үлкен дауыл бұлттар жиналған бірақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Жағажайда жатқан әйел еш алаңсыз өз кітабын оқуда. Сурет авторы: Роуэн Келли (Австралия). 2015 жыл 6 қараша күні Сидней қаласының Бонди-бич жағажайында түсірілген.

Sergio-Tapiro«Табиғат» санатындағы үшінші орынға ие болған сурет. Сурет тақырыбы «Табиғат қауһары». Колима жанартаудың аспаннан найзағай түсуі кезінде атқылауы. Сурет 2015 жылы 13 желтоқсанда Мексика республикасы Колима штатының Комала қаласында түсірілген. Сурет авторы:Серхио Тапиро (Мексика).

Дереккөз: Word Press Photo

Аян СЕРІКОВ

Похожие материалы