Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашы 10 айында құқығы бұзылып, еңбек ақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың саны анықталып, оларға төлем жасалды деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2017 жылдың соңғы 10 айында республикадағы 1372 кәсіпорынның 22,9 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңгеден асатын еңбекақы берешегін анықтады.
Осы кәсіпорындар басшыларына орындауға міндетті 1204 ұйғарым беріліп, 160,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, белгіленген қатаң кестелер мен еңбекақы берешегін өтеуді қоса есептегенде, 20 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 2,7 млрд теңге төленді.
Жалпы алғанда, аталған кезеңде мемлекеттік инспекторлар 8393 тексеру жүргізді, 12,1 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 392,5 млн. теңге айыппұл салынды.
Жалпы, жоғарыда көрсетілген мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторлары 8393 тексеру жүргізді. 12,1 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 392,5 млн теңге айыппұл салынды.
Қазан айында Маңғыстауда 4400 адам жұмыспен қамтылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024