Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстан көліктері Қазақстан нарығына еркін кіре алады

Қырғызстан көліктері Қазақстан нарығына еркін кіре алады

Қырғызстан аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілген көліктер Қазақстан нарығына еркін кіре алады. Бірақ автокөліктердің барлығы технкалық бақылау талаптарына сай келуі қажет. Бұл туралы ҚР-ның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлайды "Қазинформ".

"Отандық автоөндірісті арзан қырғыз импортынан қорғау мақсатында Қазақстан нарығына Қырғызстан Республикасының аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кіргізілген көліктер ғана келе алады. Бірақ олардың барлығы "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық талап шарттарына сай келуі керек", - деді Е. Досаев парламент мәжілісінің отырысында. Е. Досаевтың атап өтуінше, Қырғыз Республикасының ЕАЭО аумағына қосылуы еуразиялық интеграция жолындағы маңызды қадам болып табылады. Және Кедендік Одақ елдері мен Бірыңғай экономикалық кеңістік үшін де әсері болмақ. Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы  орталық-азиялық аймақтағы сауда-экономикалық серіктестікті дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Еске салайық, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия және Ресей президенттері 2014 жылдың  23 желтоқсанында қол қойды.

Похожие материалы