Қазақстанның "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР-дың "Бір белдеу, бір жол" концепциясы бірін-бірі толықтырып тұруын ескере отырып, Қазақстан мен Қытай басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин индустриаландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
"Тараптар "Жібек жолының экономикалық белдеуінің" аясында "Ұлы Жібек жолының" мәдени белдеуін құруда келісімге келді, ол еуразиялық үйлесімді дамуға себептеседі", - делінген бейсенбі күні Астанада өткен екі лидер келіссөздерінің қорытындысы бойынша таратылған баспасөз хабарламасында. Келіссөздер кезінде тараптар индустриаландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен қадамдар екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, сауда-экономикалық әрекеттестікті жоғары деңгейге шығаратынын атап өтті. "Қытай жағы жеңілдетілген қаржыландыруды, әлеуметтік қорды құруды қоса алғанда, индустриаландыру және инвестициялар саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін ең қолайлы жағдайлард құруға жан-жақты жәрдем көрсетеді", - делінген хабарламада. Өз кезегінде Қазақстан жағы осы жобаларға түрлі мемлекеттік қолдау шараларын көрсетпек. Тараптар энергетика, қаржы-инвестиция, көлік-логистика, ауыл-орман шаруашылығы және басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға қатысты келісімге келді. Бұл ретте бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісін құруды және олардың одан әрі ішкі және, Қытайды қоса алғанда, халықаралық нарықтарға шығаруға қатысты жобалар жөніндегі ынтымақтастықты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұған қоса, тараптар терең қайта өңделетін қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және өндіру, мыс, алюминий, басқа металдар мен дайын бұйымдарды өндіру жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024